Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлеуметтік желіде алаяқтар 50 мың теңге жәрдемақыны рәсімдеуге көмектесетінін айтып, жалған ақпарат таратып жатыр деп жазады Stopfake.kz.
Жалған ақпаратта 50 мың теңге төлемді алу үшін өтініш берушінің банктік шотқа 3120 теңгені аудару қажет екені көрсетілген. Осы орайда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төлемдер туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралған 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қызметтер үшін 3120 теңге мөлшерінде төлемді жүзеге асыру қажеттігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қандай да бір жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді аудару үшін міндетті төлемдер жоқ екенін хабарлайды", – делінген ведомствоның ресми хабарламасында.
Сайттың жазуынша, әлеуметтік төлемдерге қатысты наурыз, мамыр айында да желіде жалған ақпарат тараған болатын.