Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"60 миллион шығын": Банк қызметкері клиенттердің атынан несие рәсімдеп, ақшаны достарына жіберген

26.08.2024
1 мин
0
1743

Еліміздің бас прокуратурасы аса ірі алаяқтық жасады деген тағы бір күдіктіні Ресейден экстрадициялады. 

Ведомствоның мәліметінше, күдікті 2019-2022 жылдар аралығында Тараз қаласындағы банк филиалының қызметкері болып жұмыс істеген. Сөйтіп банк клиенттерінің атынан несие рәсімдеген.

“Банк клиенттерінің шоттарына қол жеткізген күдікті қаражатты достарының есепшотына аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырған. Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде банк клиенттеріне 60 миллион теңге көлемінде залал келтірілгені белгілі болды. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды”, – делінген хабарламада.

Күдікті биыл сәуір айында Краснодар өлкесінің аумағында ұсталды. Сөйтіп еліміздің Бас прокуратурасының сұрауымен Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қылмыс үшін оның мүлкі тәркіленді. Күдікті бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, осы жылы қылмыстық әрекеттері 350-ден астам жәбірленушіге жалпы сомасы 7 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 11 адам Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл