Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласының бас санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова эпидемиологиялық жағдай күрделенуіне және жаңа омикрон штамы табылуына байланысты жаңа қаулыға қол қойды.
Қаулы шарттары мынадай:
Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейiн еске алуды қоспағанда, ашық аспан астында да, уй-жайлар ішінде де бұқаралық iс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) өткiзуге және қатысуға тыйым салу;
қоғамдық орындарға, оның iшiнде қоғамдық көліктерге және кызметiне рұқсат етілген нысандарға барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда (5 жасқа дейiнгi балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдануды қоспағанда) бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану;
ПТР-сынама оң нәтиже көрсеткенде ("қызыл" статус) және науқаспен жақын байланыста болған кезде ("сары" статус) - 14 күн iшiнде өзін оқшаулау режимі.
15 қаңтардан бастап Ashyq-та "жасыл" мәртебесі барлар ғана спорт орталықтарына, моншаларға, сауналарға кіре алады.
Ashyq жобасына қатысатынына қарамастан, тыйым салынады:
Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыз.
Еске салайық, 12 қаңтарда Қарлығаш Әбдіжаббарова Алматының жаңа бас санитария дәрігері болып тағайындалған еді. Бұл қызметке ол зейнетке шыққан Жандарбек Бекшиннің орнына келді.