Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде баспана алуға бағытталған "Баспана Хит" бағдарламасына түзету енгізді.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, "Баспана Хит" бағдарламасын іске асыру кезінде адамдардың өтініштері, банктер, құрылыс компаниялары мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қаралды. Нәтижесінде бағдарламаға бірнеше түзетулер енгізілді. Соның ішінде ипотеканың шекті бағасы артты.
Сонымен қатар, азаматтар енді салынып жатқан үйден алдын ала пәтер таңдап, құрылысқа үлескерлік қатысу құқығымен ипотека рәсімдей алады. Барлық шаралар "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңға сәйкес атқарылады.
"Баспана Хит" бағдарламасы арқылы жаңа шекті бағамен қазірден ипотека рәсімдеуге болады. Салынып жатқан тұрғын үйге несие берудің басталуы туралы кейінірек хабарланады", - дейді мамандар.
Айта кетейік, "Баспана Хит" бойынша бастапқы жарна – 20%. Несие беру ұзақтығы – 15 жыл. Осы уақытқа дейін бағдарлама аясында 388,1 млрд теңгеге 44 228 өтінім мақұлданды. Соның ішінде 306,8 млрд теңге сомасына 35 769 ипотека рәсімделді.
Тағы көру