Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі ауысты
Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысының әкімі ауысты

02.12.2022
2 мин
1
1384

Мемлекет басшысының жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі ауысты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұған дейін БҚО әкімі қызметін Ғали Есқалиев атқарған. 

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада. 

Нариман Төреғалиев 1964 жылы сол кездегі Орал облысы Тайпақ ауданы Есенсай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс ииститутын, 2004 жылы Қазақ қоғамдық университетін тәмамдаған. Мамандығы - инженер-экономист, заңгер.

Еңбек жолын Ақжайық ауданындағы "Есенсай" кеңшарында 1981 жылы жұмысшы болып бастаған Н.Төреғалиев облыстың Теректі ауданына қарасты өндірістік коопративінде бас есепші, бас экономист қызметтерін атқарған. 2002-2003 жылдары жалпы үлгідегі Орал интернат үйінің директоры, 2003-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары, 2008 жылдары Батыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары, 2008-2010 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры, 2010-2012 жылдары Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы, 2012-2015 жылдары БҚО Ақжайық ауданының әкімі, 2015-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2016 жылдың 5 сәуірінен бастап Орал қаласының әкімі болып қызмет етті. 

2017 жылы Төреғалиев Парламент Сенатының депутаты болып сайланды. Ал 2022 жылдың маусымынан бастап Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
Л
Лайла 04.12.2022
Айлығым өте аз
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл