Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
БЖЗҚ алдағы жылдарда қалай жұмыс істейді?
Жаңалықтар

БЖЗҚ алдағы жылдарда қалай жұмыс істейді?

26.11.2021
1 мин
0
879

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің enpf.kz корпоративтік сайтында директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген 2022-2026 жылдарға арналған жаңартылған Корпоративтік даму Стратегиясын жариялады. Құжатпен толығырақ "Қор туралы қысқаша" бөлімінде сілтемеден өтіп, танысуға болады. 

Алдыңғы Корпоративтік стратегия 2017 жылы бекітілген болатын. Онда БЖЗҚ-ның 2021 жылға дейінгі кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылды. 

Жаңа стратегияда БЖЗҚ жинақтаушы зейнетақыны қалыптастыру мен жоспарлауды дербес қарастыру тәсілін қолданатын жоғары технологиялық қаржы институты ретінде өз дамуын жалғастыратыны көзделген.

2022-2026 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясы "Қазақстан-2050" мемлекеттік стратегиясына, Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына, қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әлеуметтік саясат қағидаттарына негізделеді.

БЖЗҚ алдағы 5 жылға арналған міндет-мақсатын "Зейнетақы жинақтарын сенімді есепке алу және әрбір салымшыға қолжетімді сапалы зейнетақы қызметтерді көрсету" деп белгілейді. Бұл миссияны орындау мынадай құндылықтарға негізделген: адам қажеттіліктеріне бағытталғандық, тұтынушыға назар аудару, сапаға міндеттілік, технологиялылық, сенімділік, жауапкершілік және ашықтық.

Қор салымшылар мен алушылардың қажеттіліктерін зерделейді және жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі әрбір қатысушымен арадағы іс-әрекет пен дербес жұмысқа ерекше назар аударады. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын қалыптастыру тетігін түсіндіреді, олардың жай-күйі туралы толық ақпарат береді және зейнетақы жарналарын тұрақты аудару қажеттілігін көрсетеді. Зейнетақы активтерін инвестициялау және болашақ зейнетақы төлемдерін болжау қағидаттары БЖЗҚ сайтындағы "зейнетақы калькуляторын" пайдалану арқылы көрініс табады.

Қор қызметтерді одан әрі автоматтандырып, қызмет көрсетудің белсенді түрлерін дамытып, салымшылар мен алушылардың БЖЗҚ-мен өзара іс-әрекетінің электрондық арналарын жетілдіреді. Бүгінде БЖЗҚ қызметтерінің басым бөлігі онлайн-форматқа көшірілді. Одан әрі сайт пен мобильді қосымшаны дамыту, биометриялық сәйкестендіруді енгізу, цифрлық құжаттарды пайдалану, қаржылық технологиялар саласында инновацияларды қолдану және т. б. өзгерістер есебінен электрондық қызметтер үлесін біртіндеп арттыру жоспарлануда.

Жеке мәліметтерді қорғау, мемлекеттік органдар және қаржы институттарымен өзара тығыз әрекет ету, кеңес беру қызметтерін дамыту жұмыстары да жалғастырылады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мақсатты аудиторияның қалауын ескере отырып, дербес хабарлау арналары, БАҚ, интернет-алаңдар және т. б. ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және заңнаманы іске асыру да Қордың даму стратегиясында көзделген. БЖЗҚ мамандары ЖЗЖ одан әрі жетілдіру бағыттары бойынша талдау жүргізу мен ұсыныстар әзірлеу үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жаңа құрамдауышын – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру параметрлері мен тетіктерін іске асыру үшін актуарлық модельдеу құралдарын жетілдіруге қатысатын болады.

БЖЗҚ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы Келісімді іске асыру шеңберінде Құзырлы орган ретінде жұмысын одан әрі жалғастырады.

Әрине, алдағы бес жылда Қордың мақсаттарға қол жеткізіп, міндеттерді орындауы, ең алдымен салымшылар мен алушылар үшін өз нәтижесін беруі тиіс, өйткені, олардың сенімі мен жұмысымызға қанағат білдіруі – БЖЗҚ қызметі сапасының басты белгісі болып табылмақ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл