Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елдегі экономика мен теңге жағдайы қандай болмақ?
Маман пікірі

Елдегі экономика мен теңге жағдайы қандай болмақ?

02.07.2020
1 мин
32
8334

Әлемде болып жатқан жағдайларға байланысты экономикада біраз өзгеріс болды. Бірнеше айдың өзінде пандемияның біздің жағдайға әсерін байқадық. Экономиканың ендігі жағдайы қалай боларын отандық сарапшылардың көмегімен болжап көрейік.

Бірінші кезекте біздің экономика әлемдікімен байланысты екенін ескеру керек. Десе де, халықаралық агенттіктердің де, отандық сарапшылардың да болжамы көңіл қуантарлық емес. Экономиканың қашан толық жанданатынын да ешкім айта алмайды.  

Теңгенің құнсыздану қаупі бар

Ал теңге бағамының өсуіне байланысты сарапшылар бұл үрдістің ұзаққа бармайтынын атап өтті. Экономист Мақсат Халық оған мұнай бағасының көтеріле бастауы, рубльдің нығаюы, ОПЕК+ елдерінің өзара келісімінен бөлек, қазақстандықтардың шетелге саяхаттай алмауы да себеп болып отырғанын айтады. Себебі жылда жаз басталған уақытта доллардың қымбаттауы белгілі бір дәрежеде қазақстандықтардың басқа елге жасаған саяхатына да байланысты. Оның үстіне, ұлттық компаниялардың президент тапсырмасы бойынша елге долларлық табысын әкелуі де теңгенің нығаюына өз септігін тигізді.

Дегенмен сарапшылар ұлттық валютаның нығаюы ұзаққа созылмайтынын айтады. Өйткені мұнай бағасы тұрақсыз болып тұр. Ал ел экономикасы үшін мұнайдың 40 доллардан төмендеуі мүлде тиімсіз. Өйткені қара алтын бағасы барреліне 55 доллардан асса ғана бюджетке табыс түсе бастайды.  

«Ryskulov analitics» орталығының директоры Жасұлан Көшебаев Қытай мен АҚШ сияқты алпауыт елдерде  пайда болған пандемияның жаңа толқыны өндіріс орындарының жабылуына, ал олардың жабылуы мұнайға деген сұраныстың төмендеуіне әкеп соғатынын айтады. Оның пікірінше, доллар бағамы ең көп дегенде 450 теңгеге барады. 

Соңғы екі қаржылық дағдарыстан да қиын жағдай

Қазіргі жағдайда экономикамыз құлдырап барады. Ұлттық экономика министрлігі ішкі өнім өсімі минус көрсеткішті соңғы 22 жылда көрсетпегенін айтты. Тіпті 2007-2009 жылдар мен 2014-2016 жылдар аралығындағы қаржылық дағдарыстардан бір-ақ пайыз болса да өсіммен шыққан едік. Ендігі жерде экономикамыз минус 9 пайызды көрсетеді деп болжанып отыр.  

Мақсат Халық қазір мемлекетте ақша болғандықтан, халыққа қиындық аса сезілмей отырғанын айтты. Бірақ дағдарыс заңы жұмыс орындары жабылып, шағын және орта бизнес зардап шегіп, қымбатшылық орнауы мүмкін екені белгілі. Экономистің ойынша, үкіметтің бизнеске осы уақытқа дейін көрсеткен көмегі жеткіліксіз. Сондықтан осындай сын сағатта шағын және орта бизнеске мемлекет әлі де қолдау көрсету керек. 

Елдегі жұмыссыздар санын нақты анықтау маңызды

Пандемияға дейін жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз болды. Бірақ экономист Мақсат Халықтың ойынша, бұл шындыққа жанаспайды. Яғни, статистика қате, ал жұмыссыздық деңгейі 15 пайызға баратын көрінеді. Оның сөзінше, елімізде 2 миллион адам – өз-өзін жұмыспен қамтығандар. Бірақ олардың кем дегенде 1 миллионы – жұмыссыз. Мақсат мырзаның пікірінше, карантин кезінде үкіметтің 4,5 миллион қазақстандыққа 42 500 теңгеден беруі осы сөзінің дәлелі, егер мемлекет мәлімдегендей жұмыссыздар саны аз болса, мемлекеттен көмек сұраушылар мұндай көп болмайтынын айтты.

Сондықтан сарапшы Ұлттық экономика министрлігі бірінші кезекте бұл олқылықтың орнын толтырып, жұмыссыздар санын нақты анықтау керегін, кейіннен оларды есепке алып, жұмыспен қамту мәселесімен айналысуы орынды болатынын жөн санайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
32 Пікір
А
Алма 07.07.2020
Ақшаның құнсыздануы көрініп тұр
Жауап беру
03.07.2020
Оны бала бакшадагы баллада биледи.
Жауап беру
Н
Нурислам 03.07.2020
Акшанын кунсыздануына келип тирелип тур гой. Сонда жинаган депозиттеги акшаларымыз не болмак?
Жауап беру
М
Мари 03.07.2020
Денсаулық болса, екі қолға бір күрек табылар.
Жауап беру
А
Айнур 03.07.2020
Ен басты манызды мəселе,елімізде болып жаткан індетті женіп,озимиздің,Балаларымыздын денсаулыгы!Деніміз сау болса бариде жаксы болады!2-мəселе-Жумыстан кыскарту болмасын,кредит букіл казак халкында бар,ен болмаса осы болып жаткан індетке байланысты,Кредитимизди жауып берсін!
Жауап беру
Г
Гаухар 03.07.2020
Қарапайым халыққа көмек кернк.Жұмыссыз,кредитін төлей алмай жүрген адам көп(((
Жауап беру
А
Алма 03.07.2020
Қарапайым халыққа өте қиын болып тұр. 5-ші шілдеден бастап тагы карантинге жабылса,қалай жұмыс істейміз кредитті калай төлейміз,кредит.историямыз бұзылатын болды. Осынын бір шешімін таппай ма екен. Шаршадык гой.
Жауап беру
03.07.2020
Жағдай қиын жұмыс жоқ кредит толей алмай жатырмыз төлейтін уақыт келді тагы ары қарай токтатсын
Жауап беру
А
Айман 03.07.2020
Жағдай қиындап барады,жұмыс тоқтап тұр, кредиттің пениясы өсіп жатыр, ары қарай не болмақ
Жауап беру
Ж
Жумагул 03.07.2020
Баримиздин ен басты маселемиз.кредит маселеси.жумыссыз калсак кредитти калай толеймиз.одан ары карай калай кун коремиз. Жагдай куннен кунге ушыгып бара жатыр.
Жауап беру
Б
Ботамын 02.07.2020
42500 төлемді..неге төлемеске..Ел басы..Тоқаев мырза....
Жауап беру
М
Малика 02.07.2020
Жилстройга жыйнап жатқан Ақша не болады екен.
Жауап беру
Р
Рита 02.07.2020
Кредитти калай толеймиз расында,киналып кеттик кой,жумысымыз журмей жатыр(
Жауап беру
Э
Эмми 02.07.2020
Ортақ валюта шығатыны шын ба?
Жауап беру
Ж
Жұлдыз 02.07.2020
теңге өзгеріп кетпей ме, сондай қауесет бар?
Жауап беру
К
Кайрат 02.07.2020
Ия жагдай мәз емес ау
Жауап беру
Л
Ляззат 02.07.2020
Қалай күн көреміз кредит не болмақ
Жауап беру
Л
Ляззат 02.07.2020
Қалай күн көреміз кредит не болмақ
Жауап беру
Э
Элмира 02.07.2020
Кредит толеу киын болып тур расында
Жауап беру
Ө
Өзін өзі жұмыспен қамтитындар қалай күн көреді?Өте қиын жағдай кредиттерімізді қалай төлейміз? 02.07.2020
Бәрі тез бітіп,жайбарақат өмірге көшсек екен.
Жауап беру
Ш
Шүкір 02.07.2020
Кредитті қалай құтыламыз?
Жауап беру
А
Айдана 02.07.2020
Кредитті қалай жабамыз.Карантинен көз ашпасақ
Жауап беру
Г
Гулнара 02.07.2020
Кредитти Калай жабамыз,осылай бола берсе
Жауап беру
А
Айгуль 02.07.2020
Расымен кредит калай толемиз,думы жок болса,окимет соган комек берсе гой
Жауап беру
Г
Гулназ 02.07.2020
42500 неге токтатып койды осындай кезде беру керек кой халыкка
Жауап беру
А
Алия 02.07.2020
Кредит не болады енди төлей алмаймызгои дари алуға акша таппай жатыр халык емделуге неге олай жасайды колдан жасадыгои ауруды иштеи кутесин елимизге жаным ашиды халкыма крапайым халыкты неге сонша кинайды
Жауап беру
Ж
Жулдыз 02.07.2020
Ия, кредитти аямай алып алғанбыз, енді бизнес тоқтап төлеуде қиынға соғып тұр. Оның үстіне рассрочка коямыз деп, процент қосып алдық. Кадімгідей жұмыссыз болып қалдық
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл