Brent
WTI
kz
kz ru
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды

22.05.2022
1 мин
0
856

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2022 жылдың 19 мамыры күні сағат 20:12-де «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасына қоғамдық көлікте кәмелеттік жасқа толмаған қызға тиіскен белгісіз ер адамға қатысты шара қолдану туралы шағым түсті. Осыдан кейін полиция аталған адамды ұстау бойынша шұғыл шара қабылдады. Іздестіру жұмыстары барысында ол ұсталып, қамауға алынды», - делінген таратылған хабарламада. 

Полиция мәліметіне қарағанда, күдікке ілінген аталған 33 жастағы ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. 

«Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен құқық бұзған тұрғын 10 тәулікке қамауға алынды», - деп аталып өткен 

Бұдан бұрын хабарланғандай, елорда тұрғыны автобуста белгісіз ер адамның 12 жастағы қызына тиіскеніне шағымданды.

Қала тұрғыны Instagram парақшасында күдіктінің суретін де, видеосын да жариялады.

0 Пікір
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл