Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда IT мектептерде қосымша 3 мың адам оқытылады. Бүгінде Astana Hub базасында 2021 жылдан бері IT саласында адами капиталды дамытуға бағытталған "Tech Orda" бағдарламасы іске асырылып келеді.
"Tech Orda" бағдарламасы бойынша ІТ мектептер үшін 6 мыңнан астам білім беру гранты бөлінген. 2024 жылы Қазақстан азаматтарын IT мамандықтарға оқыту үшін тағы 3 мың ваучер бөлу жоспарланған. Аталған шаралар ірі корпорацияларда да, шағын және орта бизнес секторында да сұранысқа ие жоғары білікті мамандар даярлауға ықпал етеді", - делінген ресми хабарламада.
Ал президент Тоқаев 2026 жылға қарай ІТ қызметтер экспортын $1 млрд-қа дейін жеткізуді тапсырған болатын. Қазірдің өзінде Қазақстан GovTech саласындағы шешімдерін Тәжікстанға, Того мен Сьерра-Леонеге экспорттап, жаһандық ІТ нарығында өз орнын алуға мүдделі.
Былтыр еліміздің ақпараттық технологиялар экспорты іс жүзінде екі есеге артып, 2023 жылы $529,1 млн-ға жеткен.