Brent
WTI
kz
kz ru
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар

Көлігі өртенген қазақстандықтар кредитін әрі қарай төлеуі керек пе

21.01.2022
1 мин
0
452

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев жаппай тәртіпсіздік кезінде автокөлігі өртенген қазақстандықтар не істеуі керектігін айтты.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер агенттік өкілінен тәртіпсіздіктер кезінде кредитке алған автокөлігі өртенген азаматтар не істеуі керек деп сұрады.

"Кредитке сатып алынған барлық автокөлік сақтандырылған. Әр келісімшартты жеке-жеке қарастыру қажет: төлемді жүзеге асыру үшін қандай негіздеме, ерекшелік бар, зерделеу керек. Сол себепті агенттік сақтандыру компанияларымен бірлесіп, сақтандыру жағдайы туындаған, бекітілген барлық сақтандыру полюсі бойынша төлемді іске асыру үшін түбегейлі шаралар қабылдайды", - деді ол.

Терентьевтің айтуынша, егер банк төлем жасамаса, сақтандырылған әр қазақстандық сақтандыру омбудсменіне, сондай-ақ қаржылық қадағалау агенттігіне жүгіне алады. Олар әр азаматтың өтінішін қарайды.

Айта кетері, соңғы деректер бойынша Алматыдағы бүлік кезінде бизнеске 112,6 миллиард теңге шығын келді. Оның 1,9 миллиард теңгесі көліктерге тиесілі.

0 Пікір
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл