Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Қазақстан халқына" қоры қызметкерлерді ақша аударуға мәжбүрлеуге қарсы

21.01.2022
1 мин
2
1040

"Қазақстан халқына" қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшелері 20 қаңтарда өткен алғашқы отырысында ең алдымен, мемлекеттік қызметшілерді, бюджеттік сала қызметкерлерін біркүндік жалақысын аударуға мәжбүрлеу жағдайларына қатысты пікірін білдірді. Олар бұл тәжірибеге үзілді-кесілді қарсы екенін жеткізді.

"Біз барша қазақстандыққа үндеу жасаймыз және "Қазақстан халқына" қоры жеке және заңды тұлғалардың тек ерікті қайырымдылығынан құрылатынына тағы да назар аударамыз. Біз қорға өз үлесін қосқан қазақстандықтар мен ұйымдарға алғыс айтамыз және өз тарапымыздан көмек мұқтаж адамдарға жететініне кепілдік береміз", - деді Қамқоршылық кеңесінің мүшелері.

Сондай-ақ отырыста қайырымдылық ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен және қайырымдылық көмекке тартылған басқа да ұйымдармен ынтымақтастық форматы талқыланды. Жиын қатысушылары өзара іс-қимылдың негізгі құралы қордың электронды порталы болғаны дұрыс деген тұжырымға келді.

Еске салсақ, 16-19 қаңтар аралығында қоғамдық қорға 16 167 қазақстандықтан 29,3 миллион теңге түсті. 75 заңды тұлға мен ірі кәсіпкерлер 19,2 миллиард теңге аударды.

"Қазақстан халқына" қоры жаппай тәртіпсіздіктерден кейін президенттің тапсырмасымен құрылған болатын. Ол денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау салаларындағы проблемаларды шешумен айналысады. Мысалы, сирек ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсетеді.

Қорды бұрынғы қаржы министрі және "Қазақстан даму банкінің" экс-басшысы Болат Жәмішев басқарады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
С
Саягүль 22.01.2022
Қайда салу керек ақшаңы
Жауап беру
С
Сандуғаш 21.01.2022
Қайда салу керек ақшаны
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл