Brent
WTI
kz
kz ru
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

Қазақстанда баспана бағасының өсуі баяулайтыны болжанды

24.05.2022
1 мин
1
925

Елімізде тұрғын үйдің бағасына тікелей әсер ететін негізгі факторлар аталды.

«Алдымен бағаға әсер ететін ол – инфляция. Екінші фактор – халықтың демографиялық көрсеткіші. Өткен жылы Қазақстанда 450 мың бала дүниеге келді. Бұл рекордтық көрсеткіш. Туу көрсеткішінің өсуіне қарап, қазақстандықтардың болашағына деген нық сенімді байқауға болады. Отбасы мүшелері артқан сайын тұрғын үйдің де аясын кеңейту мәселесі туындайды», - деді «Отбасы банк» АҚ-ның басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Банк басшысы келтірген мәліметке сәйкес, тұрғын үй бағасына әсер ететін үшінші фактор – әлемдегі әлеуметтік тенденция. 

«Пандемияға байланысты көп адамның баспана мәселесіне қатысты көзқарасы мен ұстанымы өзгерді. Адамдар қашықтан жұмыс істеуге көшті. Бұл өз үйі болуының маңыздылығын арттыра түсті. Сондай-ақ төртінші фактор – тұрғын үй мәселесін шешуде зейнетақы қорындағы жинақты қолдану мүмкіндігі. Әрине, қазір зейнетақы жинағын қолдану мүмкіндігі төмендеді. Сәуір айының қорытындысы бойынша 20 пайызға азайды. Биылғы жарты жылдағы есеп бойынша елімізде баспана бағасының өсуі баяулайды деп ойлаймын. Бірақ бағаның айтарлықтай төмендеуі мүмкін емес», - дейді ол.

1 Пікір
А
Аманхан 25.05.2022
Арзандауы мүмкін
Жауап беру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл