Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда зейнетақы жинағын есептеудің жаңа функциясы пайда болды
Жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы жинағын есептеудің жаңа функциясы пайда болды

12.08.2022
1 мин
4
8281

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайты мен мобильді қосымшасындағы зейнетақы калькуляторы жаңарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына сілтеме жасап.

Қор жариялаған ақпаратқа сәйкес болжамды зейнетақы калькуляторы болашақ зейнетақыны жоспарлау құралы.

Аталған құрал салымшыға зейнетақы төлемдерінің болжалды мөлшерін есептеуге мүмкіндік береді. Мысалы:

• мемлекеттік бюджет (базалық зейнетақы және ортақ (еңбек) зейнетақы);

• БЖЗҚ-ға жұмыскерлердің табысынан төленетін 10% міндетті зейнетақы жарналары;

• 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары. Оны жұмыс беруші БЖЗҚ-ға еңбек жағдайы қауіпті, зиянды жұмыспен айналысатын жұмыскерлердің пайдасына аударады;

• ерікті зейнетақы жарналары.

Хабарламада айтылғандай салымшылар үшін зейнетақы калькуляторында жаңа функциялар пайда болды.

Біріншіден, зейнетақы калькуляторы жинақтарды алу жоспарланған жағдайда зейнетақы төлемдерін есептеуге мүмкіндік береді. Пайдаланушы өздігінен келесі тетіктерді таңдай алады:

- зейнетақы жинақтарын алатын жылы және қалаған сомасы,

- алынған сомадан жеке табыс салығын (ЖТС) бір рет ұстап қалу (толық көлемде, БЖЗҚ-дан жинақтарды алу кезінде) немесе ай сайын (БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу кезінде тең үлестермен).

Екіншіден, калькуляторға заңнамада көзделген түзету коэффициентін ескере отырып, қауіпті және зиянды өндірістерде кемінде 60 ай жұмыс істеген қызметкерлер үшін БЖЗҚ-дан төленетін төлемдерді көтермелеу есебі қосылды.

Үшіншіден, калькулятор зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аударған жағдайда зейнетақы төлемдерінің қозғалысын көруге мүмкіндік береді.

Зейнетақыны есептеу үшін «Негізгі деректер» блогында жеке мәліметтерді (туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақ сомасы және т.б.) толтыру қажет. Егер enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте алдын ала тіркелген болсаңыз, калькуляторда да автоматты түрде толтырылады.

«Нәтиже сіздің болжамды зейнетақы блогында көрсетіледі. Зейнетке шығу жасы мен күнін, жинақтар таусылғанға дейінгі жылдар санын (БЖЗҚ-дан төлемдер алған жағдайда), зейнетке шығу сәтіндегі жалақының болжамды мөлшерін және табысты болжамды зейнетақыға ауыстыру коэффициентін қамтиды. Сонымен қатар кетсе түрінде көрсетілген жылдар бойынша болжамды зейнетақының өзгеру үдерісі де қамтылады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ зейнетақы қорынан салымшы болашақ зейнетақысының шамасын бағалап, болжауға болатындығы айтылған.

«Зейнетақыны есептеу нәтижелері кепілдендірілген төлем емес, ол болжам. Әрбір салымшының болашақ зейнетақысының мөлшері оның зейнетақы жинақтарына байланысты екенін ескеру қажет. Жинақтардың көлеміне ең алдымен, зейнетақы жарналарының мөлшері, оларды төлеудің жүйелілігі мен толықтығына байланысты. Сондай-ақ, инвестициялық табыста әсер етеді. Болжамды зейнетақы калькуляторының барлық есептік нәтижелері нақты құндық мәнде ұсынылады», - деп хабарлайды зейнетақы қорынан.

Сіз зат сатып алар алдында қандай төлем түрін қолданасыз?
2525 адам
Төлем картасы 0%
Қолма-қол ақша 0%
Интернет-банкинг 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
4 Пікір
А
Анаргүл 16.08.2022
Мысалы мен мұғаліммін Бұйырса 2025 те 5 баламен зейнетке шығамын. Стажым 30 жыл болады. Мен қаншамен шығамын сонда. Жұмыстан шығып кетсем алатын ақшаммен күн көре алам ба?
Жауап беру
А
Аий 12.08.2022
Зейнетақы жинағы деп қоймадау не шаруасы бар екен біреудің жеке қалтасына түсіп ? Тыныштық бермитін болды ғой
Жауап беру
К
Кенже 14.08.2022
Мен 5баламен 26500т аламын буйыртса меним 1986-1997жыл стаж кайда кетти уметте жумыс жасап алатын пенсия осыма бул тым уят осындай акшага казир заманда не туседи укимет кайда карап отыр соны маган жылдарды сонда жокка шыгарып отырма
Жауап беру
Н
НАЗ 15.08.2022
СІЗДІҢ 1986-1997 ЖЫЛДЫҢ СТАЖЫНЫҢ ПЕНСИЯСЫН СІЗДІҢ ЖАСЫҢЫЗ 63 ЖАСҚА КЕЛГЕНДЕ ҒАНА ЕСЕПТЕЙДІ.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл