Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бастапқы жарна 36 процентпен жаңа бағдарлама ұсынды. Банк BI Group компаниясымен келісімге қол қойды. Енді нарықтағы жаңа пәтерлерді 50 процентін жинамай, небәрі 36 процент бастапқы жарнамен алуға мүмкіндік бар. Ал жылдық пайыздық мөлшерлеме 7 процентті құрайды. Ипотека уақыты 6 айдан бастап, 25 жылға дейін.
«Бұл жобаның мемлекеттік бағдарламалардан айырмашылығы сіздің атыңызда оған дейін баспана болғанына қарамайды. Яғни бұл бағдарлама баспаналы болғысы келген жандарға екінші пәтер алуға немесе балаларды бөлек шығаруға мүмкіндік береді», - деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев.
Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, бір ғана елордада 12 мың клиентте 35 процент алғашқы жарна жиналған. Яғни олар баспананың 50 процент жарнасын жинамай, осы бағдарламамен баспаналы бола алады
Тағы көру