Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Азаматтар жеке куәлікті немесе төлқұжатты алған кезде тұрғылықты жері бойынша тіркеу қажет. Сіздерге тұрғылықты жер бойынша тіркеу әдістері, нормалары мен шектеулері туралы ақпаратты ұсынамыз.
Тіркеуге рұқсат етілген жерде тұрақты немесе уақытша негізде тіркелуге болады. Оларға:
- тұрғын үй, пәтерлер;
- саяжай құрылыстары, бау-бақша бірлестіктері, кооперативтер;
- жатақханалар, қонақ үй, демалыс үйлері, емдеу мекемелері;
- пансионаттар мен қарттар үйлері жатады.
Пәтерге қанша адамды тіркеуге болады
Жеке меншік тұрғын үй үшін Қазақстан Республикасының заңы бойынша тіркелетін адам санына шектеу жоқ. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған немесе әкімдік жалға берген жылжымайтын мүлікте бір адамға кемінде 15 шаршы метр болуы керек деген норма қабылданған. Мысалы, ерлі-зайыптылар немесе анасы мен қыз бала үшін бір бөлмелі пәтер берілсе, ал анасы мен ұл балаға екі бөлмелі пәтер берілуі керек. Дәл осындай пәтерлерге көп адамды тіркеу мүмкін емес.
Тұрғылықты жер бойынша қалай тіркелуге болады
Елімізде тұрғылықты жер бойынша тіркелудің екі әдісі қарастырылған. Азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығы және eGov.kz сайты арқылы тіркеле алады.
Сізге қажет құжаттар тізімі:
eGov.kz арқылы қалай тіркелуге болады
Тұрғылықты жерге eGov.kz арқылы тіркелу үшін міндетті түрді ЭЦҚ кілті болуы керек.
Балаларды тіркеу
14 жасқа дейінгі балалардың тұрғылықты жері олардың ата-аналарының тұрғылықты жері болып автоматты түрде танылады. Ал 14 жастан бастап тіркеу жоғарыда сипатталғандай eGov немесе ХҚКО арқылы ресімделеді.
Тіркелмеген азаматтарға қандай айыппұл қарастырылған
Уақытша тіркеудің болмауы үшін бір айдан астам уақытқа 7 АЕК (20 419 теңге) және иесіне 10 АЕК (29 170 теңге). Бір жыл ішінде заңды қайта бұзушылық анықталған жағдайда 20 АЕК-ке дейін (58 340 теңге) төлеу міндеттеледі.
Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару қалай іске асады?
Қазақстан Республикасы азаматтарын жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркелген кезде, бұрын тіркелген бойынша тіркеуден шығару ақпараттық жүйеде бір уақытта жүзеге асырылады (автоматты түрде).
Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару: республика шегінен тыс тұрақты тұруға кеткендер, сотпен тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған деп танылған азаматтар үшін, тұрғын үй иесінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Тіркеуден шығару үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
Тағы көру