USD
EUR
RUB
Brent мұнайы
WTI мұнайы
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар

ТЖ режимі: зейнетақы мен жәрдемақы рәсімдей алмағандар не істеуі керек

14.01.2022
1 мин
1
465
ТЖ режимі: зейнетақы мен жәрдемақы рәсімдей алмағандар не істеуі керек

Төтенше жағдайға байланысты зейнетақы мен жәрдемақыға құжат тапсыра алмаған қазақстандықтар режим аяқталғаннан кейін бір ай ішінде өтініш бере алады.

"Егер жасына байланысты зейнетақы төлемін, мемлекеттік базалық зейнетақыны, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындауға негіздер 2022 жылдың 1 қаңтарынан немесе төтенше жағдай кезеңінде басталса, көрсетілген кезеңде өтініш бермеген азамат төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде осы төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттарды қоса ұсынып, өтініш бере алады", - делінген құжатта.

Бұл ретте төлемдер өтініш берген күннен емес, негіз туындаған күннен бастап тағайындалады.

Бұған дейін Қазақстанда 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі енгізілді. Жуырда президент жарлығымен Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жағдай режимі алынып тасталды.

1 Пікір
Мен қызымның мүгедектігін жасай алмай жатырмын 16 толуына байланысты больницаға жатып одан кейін жеке куәлігін күтіп 30желтоқсанда барсам жаңа жылдан кейін кел деп енді барайын дегенде мына жағда болып үш ай болды мүгедектігіміз тоқтап тұр не болар екен
Жүрмін
Жауап беру
Жабу
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл