Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңа жылдан бастап 6,7 млн қазақстандықтың табысы өседі
Жаңалықтар

Жаңа жылдан бастап 6,7 млн қазақстандықтың табысы өседі

23.11.2021
1 мин
8
2816

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері артады. Соның нәтижесінде бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы алатын 5,1 млн адам кірісі өседі. Ал ең төменгі жалақының ұлғаюы жұмыс істейтін 1,6 млн адамның табысын арттырады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері инфляцияға қарай, жыл сайын көтеріліп тұрады. Үкіметтің негізгі мақсаты – халықтың өмір сүру деңгейін төмендетпеу. Мәселен, 2020 жылы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері екі рет көтеріліп, жалпы 10 процентке артқан. Биыл 5 процентке индексацияланды.

Осылайша, ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңгені құраса, бір айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңге көлемінде бекітілді.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы өлшемдер тағы 5 процентке индексацияланады. Соның нәтижесінде ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңге, ал айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңге болады.

Келесі жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік міндеттемелерді орындауға 4 триллион теңге бөлінеді.

Соның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін индексациялауға 190,4 миллиард теңге қарастырылған. Соның нәтижесінде 4,2 млн адамның табысын артады. Олар:

  • 2,3 млн-ға жуық зейнеткер, олардың ынтымақты зейнетақы мөлшері 7 процентке және базалық зейнетақы төлемі 5 процентке көбейеді;
  • 1,9 млн адамның әлеуметтік жәрдемақы 5 процентке көтеріледі;
  • атаулы әлеуметтік көмек алатын 900 мыңнан астам адамның кіріс өседі.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысының келесі жылдан ең төмен жалақыны 42,5 мың теңгеден 60 мыңға дейін көтеруді тапсырған.

"Ал Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер еңбекақыны ең төмен жалақыдан кем емес деңгейде төлеуге міндетті. Бұл шараның арқасында әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,6 миллион адамның ақшалай табысы өседі", - делінген ресми хабарламада.

Бірінші кезекте жалақысы төмен қызметкерлердің айлығы артады. Одан кейін жұмыс берушілер жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төмен жалақы көрсеткішіне сай қызметкерлердің басқа да санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.

Министрлік келесі жылы педагогтардың жалақысын арттыру шаралары жалғасатынын да ерекше атап өтті.

Осылайша, 2023 жылға қарай мұғалімдердің табысы екі есеге артады. Медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 4 жылда екі есеге өседі.

"2022 жылдан бастап мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық қызметкерлер және тағы басқа мамандардың, шамамен 588 мың адамың айлығы да көтеріле бастайды. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүріп жатыр", - деп атап көрсетті министрлік мамандары.

Жалпы 1,2 миллионға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы жоғарылайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
8 Пікір
А
Алем 24.11.2021
Мысалы мен садикте нянямын аилык 60мын теңге келеси жылы 2мын қосылад уялмаи ауыздарын толтырып аилык оседи демесинши адам уялад бирден 100м теңгеге котермима бари политика
Жауап беру
Н
Нұрлан 24.11.2021
Күзетшілердің айлық мөлшері қандай болмақ.
Жауап беру
Л
Лаура 24.11.2021
Алтын алқа күміс алқа атаналардың жәрдем ақысы неге көбеимеиді
Жауап беру
С
Салтанат 24.11.2021
17 млн халықтың тек 1,2 млн-ның табысы өседі екен. Сонда қалғандары боқ жей ме?
Жауап беру
Г
Гульшат 24.11.2021
Неге барлық мамандардын айлыгын бірдей котермейсыз. Электриктердын де айлыгын көтерің. Мұғалімдер мен медиктердыкын тек котеиесыз. Электриктердыкын көтерің. Ток болмаса күн демей түн демей 24 сағат жүреді тоқтарды жалгап
Жауап беру
А
Асел 24.11.2021
Неге іс жүргізушілер аталмайды а? Алатынымыз 60мың көбейтсін біздікінде істейтін жұмысы коп айлық аз
Жауап беру
Г
Гуля 24.11.2021
Неге аз оган не жетеді 100000асыру керек дуниенің бәрі қымбат.қкімет әкімдер миллион дапалып қарапайым қаззаққа 5-6тиын жетеді деп ойламасын
Жауап беру
Ә
Әділхан 24.11.2021
Неге охран агенстваның айлығы көтерілмейді неше жыл болды 30,35 мың тенге осыны тексеріп қараса го үкімет басшысы оңай емес го 24сағат бойы қақйып отырамыз осы жеке агенства тексеріп қолға алуын сұраймыз.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл