Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жастарға арналған түрғын үй бағдарламасы іске қосылады
Баспанаға бағыт

Жастарға арналған түрғын үй бағдарламасы іске қосылады

20.05.2022
1 мин
5
6121

Барлық өңірде әкімдіктерімен бірлескен «Отбасы банкінің» жеңілдетілген ипотека бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Сенаттағы жастарды қолдау тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

«2025 жылға дейін барлық өңірде әкімдіктермен бірлескен «Отбасы банкінің» жеңілдетілген ипотека бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде жастарға арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламалары 3 өңірде, яғни Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жүзеге асырылып жатыр. Енді жыл соңына дейін басқа да өңірлерде осы тектес бағдарламаны іске қосу қарастырылып отыр», - деді Е. Тоғжанов. 

Оның айтуынша, 2019 жылдан бері жұмыс істейтін жастарға 7 мың жалға берілетін (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент) баспана ұсынылды. 2025 жылға дейін жұмыс істейтін жастарға 12 мың пәтерді ұсыну жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін жалдамалы тұрғын үй беру қағидаларына жастардың айлық табысын растау талаптарын 40 АЕК-тен 25 АЕК-ке дейін төмендету бөлігінде өзгерістер енгізіледі. Бұл жастардың жалға берілетін баспана алу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді.

«Қазіргі кезде «Отбасы банкінің» жинақтаушы баспана депозиттерінде 250 млрд теңгеден астам сомаға жастардың (29 жасқа дейінгі) 500 мыңнан аса депозиті ашылды. 2025 жылға қарай жастардың баспана жинақтарының көлемін 800 мың депозитке дейін жеткізу жоспарланып отыр. Ол үшін жастар арасында баспанаға алуға жинақ ашу мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тұрғын үй салымын жинақтаудың маңызын біздің жастарымыз түсінуі қажет. Әрбір отбасының берекесі шаңырақтан басталады. Ол үшін тынымсыз еңбек пен ұқыпты қаржы жинақтау мәдениетінің маңызы ерекше үлкен», - деді ол.

Банк картасындағы CVV коды нені білдіреді?
1158 адам
интернеттегі операцияларға арналған 3 таңбалы сан 0%
карта иесі жайлы нақты мәліметтер жинақталатын 9 таңбалы сан 0%
төлем жүйесінің голлограммасы 0%
банк идентификаторы, яғни картаның қай банктен шыққаны жазылады 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
5 Пікір
Б
Багила 12.08.2022
ЦентрКредитБанктен ИПмен ипотека алуга бола ма екен ?
Жауап беру
А
Айгерим 23.07.2022
Шымкенттен калай алсак болады 3балам бар Алла каласа 4шиси болады озим мамандығым фельдшер жолдасым водитель мамандығы бирак ауылда екеумизгеде жумыс жок жумыска киру ушин млн беру керек ондай акшамыз болса кредит алмас едик
Жауап беру
К
Камшат 21.05.2022
Саламатсызба.бул уйди алу ушин.баланын айлыгы канша болу керек?неше процентпен береди екен?
Жауап беру
М
Мөлдір 20.05.2022
30 жастагыларга кандай программа болады Кашан ?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл