Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алаяқтың арбауына түскен Алфия:  «700 мың теңгеге алданып қалдым»
Жаңалықтар

Алаяқтың арбауына түскен Алфия: «700 мың теңгеге алданып қалдым»

12.04.2023
1 мин
2
816

Бүгінде ең жиі жасалатын қылмыс түрлерінің бірі – интернет алаяқтық. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2022 жылы интернет алаяқтарға алданып қалған 36 мыңнан астам адам тіркеліпті. Олардың құрбаны болғандардың қатарында зейнеткерлер, білімді, заң саласын жетік меңгергендер де бар. Сондай алаяқтықтың құрбаны - Алфия Омарова Dauletten.kz-ке басынан өткен оқиғасымен бөлісті.

  Алфия, алаяқтың арбауына қалай түсіп қалдыңыз? Оқиғаны басынан баяндап берсеңіз...

- 2021 жылы отбасыммен шетелде демалуды жоспарладық. Алдымен орналасатын қонақ үйді реттестіріп,  алайда ұшатын билет таппадық. Бұл әңгімені инкрузесте жұмыс істейтін құрбым Индираға айттым. Ол билеттерді жеңілдікпен сататын танысының нөмерімен бөлісетін болды. Бұл билеттердің негізгі құны жоғары болғандықтан, төмен бағада алатыныма қатты қуандым. Құрбым Максимнің нөмерін берер алдында, міндетті түрде «Индираданмын» деп айт деді. Осы нұсқау бойынша Максимге жаздым. Ол бірден: «Ешқандай қиындық жоғын, билеттердің барын, бағасын есептеп беретінін» айтты. Индира айтқандай-ақ, төрт адамға Араб Әмірліктеріне ұшатын билет жеңілдікпен 700 мыңға шықты. Мен бірден келістім. Максим маған ақша жіберудің ретін түсіндірді. Халықаралық аударым болғандықтан екіге бөліп жіберуімді өтінді. Әйтпесе, транзакциядан өтпеуі мүмкін екен. Мен оған алғашқы 350 мыңды аудардым. Ол ақшаның түскендігін айтып, қалған бөлігін аударуымды өтінді. Екінші жартысын аударғанда, ол мені бірден бұғаттап тастады. Мен не істерімді білмей, мең-зең күйге түстім. 

Алданғаныңызды білгеннен кейінгі әрекетіңіз қандай болды? Тиісті органдарға шағым түсірдіңіз бе?

- Иә, оқиға болған күні бірден полиция бөлімшесіне бардым. Ақшаны қайда аударғаным жайлы және басқа да ақпараттарды көрсетіп, арыз қалдырдым. Алайда, бөлімшедегілер мұндай алаяқтық әрекеттің көптігін айтып, немқұрайды қарады. «Көреміз» дегендей қылды. Бір апта уақыт өткен соң, мен Максимге басқа нөмірден бөтен адам болып жаздым. Ол толықтай қызмет түрін ұсынып бастағанда шыдамай, «алданып қалған Алфия» екендігімді айттым. Ол бірден: «Индираның атынан келген Алфиясыз ба?» деп сұрады. Мен «иә» дедім. Максим бірден: «сіз құрбыңызға рахмет айтыңыз, ол өзінің үлесін алған» деп жауап қайтарып, қайта бұғаттап тастады. Әрине, мен бұл хабарламамен қайтадан арыз қалдырған полиция бөлімшесіне бардым. Олар Индираны тергуге шақырып, қылмыстық іс қозғалды. Банктегі шоттарын тексере бастады.

Демек, құрбыңыз сыбайласы болып тұр ғой. Тексерудің нәтижесі қандай болды? Алаяқ табылып, ақшаңызды қайтарып берді ме?

- Өкініштісі, уақыт өте келе оған қатысты тиісті дәлелдер табылмағандықтан іс тоқтатылды. Мен адвокат жалдадым. Ол істі қайта қозғады. Мені алдаған алаяқ Максимнің Ресей Федерациясының азаматы екені анықталып, сол елдегі тиісті органдарға сұрау жіберілді. Менде үміт оты пайда болды. Олар алаяқты іздестіретін болып, жауап күтуімді сұрады. Кейін Ресейден, Қазақстаннан Максимнен зардап шеккендер табылды. Біз ортақ чат құрдық. Онда барлығы Максимнің кім екендігінен хабардар, бірақ оның нақты мекенжайын білмейді. Алаяққа қатысты ақпарат жинақтай келе, телеграм каналында оның қызметін мақтаған пікірлердің бәрінің жалған, сатып алынғандығын білдім. Онда белгілі бір адамға ақша төлейді де, сол адам Максимнің қандай керемет екенін, оның арқасында қалай  жақсы демалып қайтқанын жазған. Міне, көбі осындай пікірлерге алданады. Бұл оқиғадан кейін екі жылдай уақыт өтті, алайда алаяқты әлі таба алар емеспіз. Полиция бөлімшесіне барсам, «сіз бұдан жақсы хабар күтпей-ақ қойыңыз» дегендей қолдарын бір сілтейді.

Жалпы, бұл оқиғадан қандай ой түйдіңіз?

- Мен қатты күйзеліске ұшырадым. 700 мың теңге аз ақша емес. Мүмкін бұл қаражатқа тәуелді болмасам, қолымды бір сілтер ма едім. Бірақ оны маңдай теріммен таптым, жинадым. Енді міне, «арманымды жүзеге асырамын-ау, қолым жетті-ау», деп жүргенде алданғаныңды білу қандай қиын. Мен ешқашанда адамдар осындай қатыгез, пасық болады деп ойламаппын. Иә, уақыт өте келе жеңілдей түскенім рас, десе де өкініш бар. Бұл оқиғаны тек тәжірибе ретінде қабылдаймын. Адамдарға сенуден қалдым...  

Фото: Ашық дереккөзден

Алаяққа алданып көрдіңіз бе?
14 адам
Иә 0%
жоқ, алданып көрмедім 0%
жауап бергім келмейді 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
294
2 Пікір
Т
Толкын 13.04.2023
Ия, өкінішке орай алаяқтар өте көп.
Жауап беру
А
Асия 13.04.2023
Мен ваилберриз компаниясына 1250000 тг товарымды жок кылды каида барарымды кымнен көмек сұрарымды білмеимін. Көмек көрсете аласыздар ма
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл