447.88
516.58
5.29
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Баспана алудың тиімді жолы: 2 пайыздық ипотекаға кімдер өтініш бере алады?
Баспанаға бағыт

Баспана алудың тиімді жолы: 2 пайыздық ипотекаға кімдер өтініш бере алады?

15.09.2026
мин
0
572

ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға төмендетілген 2% және 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген ипотекалық несиелер берілетінін еске салды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

- Биыл жалпы сомасы 175,1 млрд теңгеге 12,6 мың осындай несие беру жоспарланып отыр, – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, 2% мөлшерлемемен тұрғын үй несиесі табысы 5 күнкөріс минимумынан, яғни отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 254 255 теңгеден аспайтын азаматтардың сегіз санатына беріледі. Қалған санаттағы азаматтарға табыстың шекті деңгейі белгіленбей, 5% мөлшерлемемен ипотека алу мүмкіндігі қарастырылған.

- Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама бойынша әлеуметтік осал топтар үшін пайыздық мөлшерлеме – 7%, ал азаматтардың басқа санаттары үшін – 9%. Аталған бағдарлама аясында жыл сайын 12 мың несие беріледі, – деді Бақытжан Жүнісбеков.

Жоғарыда аталған жеңілдетілген ипотекалық несиелер бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін жергілікті бюджет есебінен 1,5 млн теңгеге дейін тұрғын үй сертификаттары беріледі. Тұрғын үй сертификаттарын алушылардың тізімі мен оның мөлшерін жергілікті мәслихаттар бекітеді.

- Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша 2,7 млрд теңгеге 2 373 тұрғын үй сертификаты берілді, – деді спикер.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл