Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ауылдағы медицина қызметкерлері тапшылығын шешу үшін 1100 медицина қызметкері даярланады – Ақмарал Әлназарова
Жаңалықтар

Ауылдағы медицина қызметкерлері тапшылығын шешу үшін 1100 медицина қызметкері даярланады – Ақмарал Әлназарова

27.02.2024
1 мин
0
216
Фото: Парламент сенатының баспасөз қызметінен

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкіметте «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы жайында баяндады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оның айтуынша, ұлттық жобаның шеңберінде 2024 жылы ауылдық жерлерде медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде 556 медициналық нысан салынбақ.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыру үшін негізгі үш міндет белгіленген.

«Ұлттық жобаның бірінші міндетінің шеңберінде барлығы 655 МСАК нысанын салу жоспарлануда, оның ішінде 2023 жылы 92 МСАК объектісінің құрылысы аяқталды, 7 жоба мерзімдерін бұза отырып аяқталады. Бүгінгі таңда 239 жоба бойынша ЖСҚ бар, 317 жоба мемлекеттік сараптаманың қарауында.

Ұлттық жобаның екінші міндетінің шеңберінде 32 аудандық аурухананы жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде, оның ішінде 12 жоба бойынша ЖСҚ бар, оның ішінде 9 жоба республикалық бюджеттен қаржыландырумен қамтамасыз етілген.

Ұлттық жобаны денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі үшінші міндеттің шеңберінде Министрлік өңірлермен бірлесіп талдау жүргізді», - деді ведомство басшысы.

Министр ауылдағы медицина қызметкерлері тапшылығын шешу үшін 1100 медицина қызметкерін даярлау жоспарланғанын айтты.

«Алдағы екі жылда КАОА нысандары әкімдер гранттарының есебінен оқыған жас мамандардың қатарынан бейінді мамандықтар бойынша 486 дәрігерімен және 323 орта медицина қызметкерімен қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік пакеттер өңір қаражаты есебінен тұрғын үй, көтерме төлемдер және басқа да әлеуметтік қолдау шаралары түрінде көзделетін болады», - деді ол.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл