Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Еліміздің 13 өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды
Жаңалықтар

Еліміздің 13 өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды

27.05.2023
1 мин
0
1100

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 28 мамырда республиканың бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды.

Ақмола облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. 

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз 23-28 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, күндіз оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 28-29 мамырда облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 28-29 мамырда облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с. Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстік-шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с. күтіледі. Облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс желі найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Алматыда 28 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 15 м/с. 
 

Фото: egemen.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл