Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Жаңалықтар

15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

15.09.2025
1 мин
0
78
Сурет: 24tv.ua

"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда нөсер жауын күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Түнде Маңғыстау облысында қатты жаңбыр болады деп болжануда. Ал қалған аумақтарда солтүстік-батыс антициклонының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ел бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Сонымен қатар, бірқатар облыстарда үсік жүреді:

Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей өңірлерінде түнде 1–3 градусқа дейін аяз болады.

Қостанай облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Негізгі қалалардағы ауа райы:

•   Астана– күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +3…+5 °C, күндіз +16…+18 °C.

•  Алматы– күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +11…+13 °C, күндіз +23…+25 °C.

• Шымкент– күн ала бұлтты, жаңбыр және найзағай. Түнде +15…+17 °C, күндіз +26…+28 °C.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл