Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мәжіліс депутаты жәрдемақылардың бірін көтеруді талап етті
Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты жәрдемақылардың бірін көтеруді талап етті

15.10.2025
мин
6
1153
Сурет: Zakon.kz

Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев мүгедектігі бар жандарға берілетін ең төменгі жәрдемақы мөлшерін 85 мың теңгеге ұлғайту қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Депутаттың сөзінше, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жалпы саны 725 мың адамға жеткен.

- Бірақ біздің пайымдауымызша, мұндай азаматтардың саны бұл көрсеткіштен әлдеқайда көп. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты мәселе көп болғанымен, ол ашық айтыла бермейді. Кейде жеңіл сырқаты бар адамдар жалған мүгедектік рәсімдеп жүргені туралы шағым-арыздар түссе, кейде керісінше шын мәніндегі мүгедектер әділеттілікке жете алмай жүр, - деді ол.

Нұрлан Әуесбаевтың айтуынша, үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы - 55 474 теңге.

- Жасыратыны жоқ, кейбір азаматтарымыз осы мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақыны алып, өлместің күнін көріп келеді. Қазір инфляция 12,9% деңгейіне жетіп, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің, дәрі-дәрмектердің бағасы күрт өсті. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысын кем дегенде ең төменгі жалақы көлеміне, яғни 85 000 теңгеге дейін көтеру қажет деп есептейміз, - деді ол. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
Ф
Фарида 15.10.2025
Оте дурыс котерилген өзекті мәлесе жәрдем ақыны көтеру керек. Сизге мын алғыс депутат мырза Алланын нұры жаусын мүмкиндилиги шектеули жандарды да ойлайтын жан бар екен ғой
Жауап беру
Р
Ризагуль 15.10.2025
Өте дұрыс көтерсін, жәрдемақы тағайындауда Жасанды интелект пайдалансын,
Жауап беру
С
Салима 15.10.2025
Менің әкем 2 топтағы мүгедек еді.Ол өзіне қызмет жасай алмайды.Ал комиссия оның түсірді.Бір қызығы сап сау адамдар 3 топты алған.Әділдік жоқ екі ортада қиналып босқа шаршаған біз сияқтылар өте көп.
Жауап беру
А
Айдана 15.10.2025
Қай депутат айтсада дұрыс айтады.Азық түлік қымбат.Экономдап жұмғағанның өзінде 1 айға жетпейді.
Жауап беру
B
Bakyt Musabekova 15.10.2025
Ия көтерсе дұрыс бодар еді. 55 000теңге түккеде жетпейді, өлместін күнің көрудеміз. Балалардан сұрасақ, олардын өз өмірлері бар.
Жауап беру
М
Мира 15.10.2025
Ия өте орынды айтылды Неше адамдар жұмысқа жарамсыз болса да 3 топта жүр Комиссия оларды көре тұра қабылдамайды 1 топқа Инсульт алған ағам жатыр группаға шыға алмай Ол үшін жүгіру керек Ондайға шамасы келмейді Врачтар көмектеспейді да
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл