| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
 
                                Алматы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаровты Астанада өлтіріп кетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл ақпаратты Астана қалалық полиция департаменті растады. Ресми ақпаратқа сүйенсек, экс-шенеунік соққыға жығылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұрын таныс болған ер адамдар арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.
- Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Таныстар арасында кикілжің туып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы азамат алған жарақаттарынан көз жұмды, - делінген ресми мәлімдемеде.
Ержан Бабақұмаров 2019–2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Оған дейін президенттің кеңесшісі болған. Сондай-ақ Орталық коммуникациялар қызметін басқарды.
                                                                    
                                
                                
                                
                               
                            