Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Қазгидромет" мамандарының хабарлауынша, 4 тамыз, жексенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі. Алайда елдің шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сонымен қатар республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Кей өңірлерде — оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы ықтимал. Ал солтүстік аймақтарда түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.
Елордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8…10°C, күндіз +20…22°C. Жел түнде 2–7 м/с, күндіз 7–12 м/с жылдамдықпен соғады.
Алматыда ауа райы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай жарқылдауы ықтимал. Ауа температурасы түнде +18…20°C, күндіз +27…29°C. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с, күндіз екпіні 18–23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +18…20°C, күндіз +33…35°C. Жел 8–13 м/с жылдамдықпен соғады.