Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әскерге шақыру тәртібі өзгерді: көшеде ұстап әкетуге тыйым салынды ма?
Жаңалықтар

Әскерге шақыру тәртібі өзгерді: көшеде ұстап әкетуге тыйым салынды ма?

02.08.2025
1 мин
5
1834
Сурет: gov.kz

Қазақстанда әскери қызметке шақырудың жаңа тәртібі күшіне енді. Бұдан былай шақырту қағазы бұрынғыдай қолма-қол емес, 1414 нөмірінен SMS-хабарлама арқылы жолданады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жаңа заң жобасы көшеден немесе басқа қоғамдық орындардан азаматтарды мәжбүрлеп алып кетуге тыйым салады. Алайда шақырту алған азамат әскерге келмесе, жауапкершілік қарастырылған. 

Көктемгі және күзгі шақыру науқандарында қандай өзгерістер бар? Осы және басқа сұрақтарға жауап берген – Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері Дәуренбек Шегебаев.

– Дәуренбек Сұлтанбекұлы, жаңа тәртіптің негізгі өзгерістерін түсіндіріп берсеңіз.

– Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы” заңның 31-бабына сәйкес, Президент Жарлығы мен Үкімет қаулысы негізінде әскерге шақыру жылына екі рет өтеді: көктемгі шақырту – наурыз бен маусым аралығында, ал күзгі – қыркүйектен желтоқсанға дейін.

Биылғы 16 шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған заң бойынша негізгі өзгерістер мынадай:

  • Енді азаматтар әскерге шақыру туралы хабарламаны 1414 нөмірінен SMS-хабарлама түрінде алады. Егер электронды тәсілмен жеткізу мүмкін болмаса, шақырту қағаз түрінде мекеме басшысына не туыстарына табысталуы мүмкін.
  • Осылайша, көп арналы жүйе арқылы азаматтың әскерге дер кезінде келуі қамтамасыз етіледі.
  • Жаңа заңға сәйкес, алдағы екі ай ішінде тиісті құқықтық актілерге түзетулер енгізіледі. Соның ішінде: оқу мақсатында еңбек өтеп жүрген азаматтар әскери міндеттен босатылуы мүмкін. Бұдан бөлек, келісімшартпен әскери қызмет атқарып, зейнет жасына үш жыл қалған, кемінде 12,5 жыл еңбек өтілі бар азаматтар үшін қайта қызметке оралу мүмкіндігі қарастырылады.

– Шақырту алған азамат не істеуі керек? Әскери бөлімге қашан баруы тиіс?

– Хабарлама алған азамат онда көрсетілген күні мен уақытта жергілікті әскери басқару органдарына келуі қажет. Алдымен медициналық тексеруден өтеді. Денсаулығы жарамды болса, шақыру комиссиясының шешімімен әскерге алынады. Комиссия әкімдіктер жанынан құрылады.

Мерзімді әскери қызметке тек денсаулығы мықты, психологиялық және моральдық тұрғыдан жарамды, сотталмаған азаматтар алынады. Әскери комиссариаттар бұл мәліметтерді денсаулық сақтау және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жинайды. Қызметті кейінге шегеру немесе босатуға қатысты талаптар заңның 35 және 36-баптарында көрсетілген.

– Ал шақыртуға келмеген немесе әскерден қашқан азаматтарға қандай жаза қарастырылған?

– Егер азамат белгіленген мерзімде әскери басқару органына келмесе, ол Әкімшілік кодекстің 647-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Ал әскерден әдейі жалтарған жағдайда, Қылмыстық кодекстің 387-бабы бойынша қылмыстық жаза көзделген: 1000 АЕК көлемінде айыппұл немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Айта кетейік, биыл еліміз бойынша 42 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады. Көктемгі шақырту науқаны жоспарлы түрде жүріп жатыр, ал күзгі кезең 1 қыркүйектен желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
5 Пікір
А
А.Сембаева 03.08.2025
Бүгінде көптеген ата-ана баласын әскерге жіберуге қорқады. Неге? Себебі әскерде орын алатын әлімжеттік, күш көрсету, бейәдеп қарым-қатынастар туралы естіп-біліп отыр. Мектептерге мұғалімдерді бақылау үшін камера орнатылады деп жатыр.Бірақ камера қою қажет ең маңызды жер-ол әскер бөлімдері. Себебі мектептегі бала-отбасында жүр. Ал әскердегі жас сарбаз -бөтен ортада, өзіне бейтаныс тәртіппен өмір сүреді. Оны қорғайтын-тек заң мен мемлекет. Сондықтан: 1)Әскердің барлық казармалары мен оқу-жаттығу алаңдарына бейнебақылау орнатылуы тиіс. 2)Камералар 24/7 тікелей бақылауда болуы керек, жазбалар сақталып, кез келген оқиға дәлелмен тіркелуі тиіс. 3)Әр сарбаздың құқығы толық қорғалуы, командирдің іс-әрекеті қатаң заңмен бағалануы қажет. 4)Жауапкершілік күшейтіліп, сарбазға қол көтерген офицерлер лауазымнан біржола шеттетіліп, қылмыстық жауапқа тартылуы керек. Егер мемлекет жас сарбаздардың аман-есен отбасына оралуына 100% кепілдік бере алса, онда ғана ата-ана баласын сеніммен әскерге жібереді.
Жауап беру
Д
Даулет 02.08.2025
Күніне 1000 повестка колма кол беріледі,500 ге жуық адамға 1414 тен смс жіберіледі.Сол шақырғанның өзінде медкомиссияға бір бала келмейді.Идеологияны садиктен дұрыстау керек,ешкімнің служить етуге қазіргі жастардың ниеті жоқ
Жауап беру
У
Улмекен 02.08.2025
Барған дұрыс әрине ұрып соғу болмаса екен апта сайын ақша сұратады еще не үшін ол неше түрлі семья бар жағдайы нашар адамдар апта сайын қалай ақша салып отырады сол жағын тексерсеңіздер
Жауап беру
У
Улмекен 02.08.2025
Барған дұрыс әрине ұрып соғу болмаса екен апта сайын ақша сұратады еще не үшін ол неше түрлі семья бар жағдайы нашар адамдар апта сайын қалай ақша салып отырады сол жағын тексерсеңіздер
Жауап беру
Ғ
Ғазиза 02.08.2025
Сол әскерден Баламыз аман оралса,ұрады соғады дейді,сол Басшыларын,командирлердің қадағалау керек
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл