Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2026 жылдан бастап үй сатуға қойылатын талаптар өзгереді
Жаңалықтар

2026 жылдан бастап үй сатуға қойылатын талаптар өзгереді

31.07.2025
1 мин
0
1004
Сурет: info.homsters.kz

2026 жылдан бастап пәтер сату қиындайды: салық өсіп, талаптар күшейеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығына қатысты жаңа салықтық өзгерістер енгізілмек. Сарапшылардың айтуынша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап пәтер, үй, жер телімін сату тәртібі қиындай түседі. Бұл ретте азаматтар үшін екі негізгі талап өзгереді.

1. Меншік иесі болу мерзімі ұзартылады

Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, егер жылжымайтын мүлік 1 жылдан кейін сатылса, иесі табыс салығынан босатылады. Алайда 2026 жылдан бастап бұл мерзім 2 жылға дейін ұзарады.

Егер меншік иесі мүлікті 2 жылға жеткізбей сатса, ол табыс салығын төлеуге міндетті болады.

2. Салық мөлшерлемесі жоғарылайды

Мүлікті сатқан кезде алынған табысқа салынатын салық мөлшерлемесі қазіргі 10%-дан 15%-ға дейін көтеріледі. Бұл норма тек құны 8 500 АЕК-тен (2025 жылғы есеппен шамамен 33 млн теңге) жоғары нысандарға қатысты.

Мысалы:

    •    Егер пәтер құны 33 млн теңгеден жоғары болса – 15% салық салынады;

    •    Егер пәтер құны 33 млн теңгеден төмен болса – бұрынғы 10% мөлшерлеме сақталады.

Жаңа ереже кімге әсер етеді?

Жаңа талаптар, әсіресе, пәтерді жиі алып-сатумен айналысатын инвесторларға және қымбат жылжымайтын мүлік иелеріне айтарлықтай әсер етпек. Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгерістер нарықта белсенділікті төмендетіп, тұрғын үй бағасына қысым түсіруі мүмкін.

Жаңа талаптар 2026 жылдың басынан бастап күшіне енеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл