Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алаяқ студент ұсталды: Жақындарын сан соқтырған
Жаңалықтар

Алаяқ студент ұсталды: Жақындарын сан соқтырған

18.11.2022
1 мин
0
479

Астанада алаяқтықпен айналысқан екі студент ұсталды, деп жазды Polisia.kz порталы.

19 жастағы екі жігіт тауар несиелері бойынша пайдалы “бизнес” ұйымдастырған. Студенттер 19 азаматты алдаған, олардың арасында достары, курстастары мен таныстары бар.

"Алдаудың қылмыстық схемасын ойлап тауып, күдіктілер таныстарына банктен тауар несиесін рәсімдеп беруді ұсынған. Көбінде Iphone ұялы телефонының соңғы модельдерін сатып алған. Жігіттер банктегі байланыстары арқылы кредиттердің күшін жоя аламыз деп сендіріп, қызметі үшін 100 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін қаражат алған. Жаңа гаджеттерді алғаннан кейін олар оны қаланың сауда үйлерінде сатқан" делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілерді елордалық Есіл ауданының полиция қызметкерлері ұстады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, келтірілген шығын сомасы анықталып жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта полицейлер аталған адамдардың заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтарды анықтап жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл