| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                30 сәуір күні елімізде жоспарлы-профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты телевизиялық және радиохабар тарату уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz "Қазтелерадио" АҚ сайтына сілтеме жасап.
Аталған жұмыстар телерадио хабарларын тұрақты әрі сапалы жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында әр тоқсан сайын жүргізіледі. Осыған орай, 30 сәуір күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфир желілерінің техникалық құралдарындағы сервистер уақытша өшіріліп, техникалық қызмет көрсету жұмыстары атқарылады.
- Аталған уақыт аралығында Қазақстанның барлық аймағында телерадиоарналар сигналын тарату уақытша тоқтатылады, – делінген ресми хабарламада.
Компания өкілдері уақытша келеңсіздік үшін тұрғындардан кешірім сұрайды.