Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда МӘМС жүйесіне өзгерістер енгізіледі
Жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесіне өзгерістер енгізіледі

30.04.2025
1 мин
19
2791
Сурет: egemen.kx

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасын таныстырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Басты жаңалықтардың бірі – медициналық көмектің бірыңғай пакетін енгізу. Министрдің айтуынша, бұл бастама әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте анықтауға жағдай жасап, мемлекет тарапынан кепілдендірілген көмекті кеңейтеді.

Әлназарованың айтуынша, бірыңғай пакет медициналық қызмет көрсету жүйесін айқын әрі қолжетімді етіп, қызметтердің қайталануын болдырмайды. Бұл өзгеріс жүйенің қаржылық тұрақтылығын нығайтып, халықтың МӘМС жүйесіне белсенді қатысуына жол ашады.

- Қаржылық тұрақтылықты сақтау мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жарналарын есептеу үшін қолданылатын база шегін – ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен 50 еселенген мөлшеріне дейін арттыру ұсынылады. Бұл жаңалық шамамен 508 мың жалдамалы жұмыскер мен олардың жұмыс берушілеріне әсер етеді, – деді министр Мәжіліс отырысында.

Сонымен қатар 2027 жылдан бастап республикалық бюджеттен МӘМС жүйесіне бөлінетін мемлекеттік жарналар үлесін кезең-кезеңімен арттыру жоспарлануда.

Министр атап өткендей, 2015 жылғы заңның алғашқы нұсқасында көзделген қаржыландыру моделіне ішінара оралу ұсынылып отыр. Жаңа заң жобасы бойынша мемлекет жарналарын 2027 жылдан 2037 жылға дейін әр екі жыл сайын 0,5 пайызға арттыра отырып, 2 пайыздан 5 пайызға дейін жеткізу көзделген. Қосымша түскен қаражат денсаулық сақтау жүйесінің шығындарын өтеуге жұмсалады.

Сондай-ақ заң жобасында жұмыссыздар мен қиын жағдайға тап болған азаматтар үшін МӘМС жарналарын жергілікті бюджет есебінен төлеу қарастырылған.

Министрдің айтуынша, аталған шаралар нәтижесінде 2026 жылы МӘМС жүйесімен қосымша бір миллионнан астам азамат қамтылмақ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
19 Пікір
Г
Гулнур 03.05.2025
Не керегі бар сол МӘМС тің дым керегі жоқ бағасын көтермей алып тастау керек еді
Жауап беру
А
Айгерім 02.05.2025
МӘМС дым керек емес. Үнемі запись жоқ дегенді естиміз, соңында платныйға қараламыз. Екі есе шығын. Дым пайдасы жоқ. Сол елден алынған МӘМС ақшасы қалай, қайда кетіп жатқанын халыққа көрсетсін. Еще тағы өсіреміз дейді беттері қалың
Жауап беру
Ә
Әсел 01.05.2025
МӘМС-ТІ бір жыл бойы жұмыс орнымда да төлемепті,айтарға сөзім жоқ.өзін төле деп отыр,қаншалықты дұрыс енді бұл кім біледі?
Жауап беру
Ә
Әсел 01.05.2025
МӘМС-ті пайдаланылмаған жағдайда күйіп кетпейтіндей жасап қою керек деп ойлаймын.поликленикаға барсан өмірі очередь .Узиді айлап күтуін керек,ақылы түрде түсе бер дейді. Амал жоқ ауруынды асқындырып алмайын деп,ақылы түсеміз.Сонда не үшін МӘМС төлеп отқанымды білмеймін.ақылы қаралсақ????‍♀️
Жауап беру
М
Меруерт 01.05.2025
Қайырлы күн! МӘМС-ті өз счетымызға берсе, керек дәрігерге, анализ, дәрілерге жұмсай алтындай. Себебі сол МӘМС-ті пайдалана алмаймыз. Тіркелген гос.больницада әрқашан очередь, талон алу үшін 14 күн не болмаса 3 ай кетеді. Басымнан өткен жайт. Сол үшін өз өзіміз пайдалана алсақ, яғни кез келген Частный больница болсын т.б. Сол дұрыс болар. Система, Программа жасаса ақша жұмсау бойынша. Ашық болады.
Жауап беру
Д
Дуанбекова Гүлстан 30.04.2025
Мен Алматы қаласының тұрғынымын МӘМС ке айсайын жалқымыздан ұсталып отыр жылына бір екі бара қалсаң керекті ем дом алмақ түгілі дәрігерге кірудің өзі қыйын.Қашан барсаң алдын ала жазылу толып тұрады емханада қаптаған адам жоқ дәрігерлер көбінше ақылы қабылдайды ақысын төлесең сол сәтте МӘМС пен толық қанды нәтиже жоқ .Сұрақ сонда мен еңбек ақымнан айма ай не мақсатқа ақша аударып жатырмын. Мен өзім LS медициналық орталығына тіркелгенмін одан бұрын Keruen medikusta болдым ол жердеде осы жағдай. Бұл Алматы қаласының өзінде орын алып жатқан жағдай аудан ауылды жерлерді тіптен айта алмаймын.Қазіргі таңда буын аурулары өршіп тұр ауру жасарып барады. Витамин Д ға сараптама неге ақылы болып тұр? Неге МӘМС болса ұзақ сонар кезекке жазылуды күтуі керек адам бекерден бпрмацды жанына батқасын барады. Әлде бұлда бір құйтырқылықпа науқастарды ақылы қабылдауға жасалған мен солай түсінем.
Жауап беру
М
Меруерт 01.05.2025
Иә, дұрыс айтасыз. Неше жылдар бойы жиналып жатыр. Бір қолданып көрейікші десең, очередь не болмаса МӘМС бойынша болмайды именно саған керек анализге. Ол ақша қайда кетеді? Егер мүлдем пайдаланбасақ.
Жауап беру
З
Забира 01.05.2025
Өте дұрыс мен де қосыламын
Жауап беру
Ш
Шынтас 30.04.2025
Жарайды, менің пікірім аударылған қаражатты әр адам өзі көріп отыру керек. ЕНПФ сияқты жасау керек. Сол кезде ашық болады.
Жауап беру
С
Сандуғаш Нұрсұлтанқызы 30.04.2025
Сәлеметсіздер ма! Жамбыл облысы Қордай ауданы Қараукмер ауылында тегін берілетін дәрі дәрмектер жоқ. Әлі күтудеміз. Ауыл бойынша ревматоидный артрит 2 адам дәрі аламыз , соны ала алмай отырмыз. Кеше больницаға ине салғызуға бар едім новокаин жоқ өзіңмен сатып әкел деді. Не былықтырып отырғандарын білмедік. Жоғарыдағылар оқып отырса Қордайды Қаракемерді тексеремін деп сұраймын. Дәрі дәрмек алмағаннан аяқ қолдарым аурып жатыр.
Жауап беру
С
Сандуғаш Нұрсұлтанқызы 30.04.2025
Сәлеметсіздер ма! Жамбыл облысы Қордай ауданы Қараукмер ауылында тегін берілетін дәрі дәрмектер жоқ. Әлі күтудеміз. Ауыл бойынша ревматоидный артрит 2 адам дәрі аламыз , соны ала алмай отырмыз. Кеше больницаға ине салғызуға бар едім новокаин жоқ өзіңмен сатып әкел деді. Не былықтырып отырғандарын білмедік. Жоғарыдағылар оқып отырса Қордайды Қаракемерді тексеремін деп сұраймын. Дәрі дәрмек алмағаннан аяқ қолдарым аурып жатыр.
Жауап беру
А
Асеке бек 30.04.2025
Жем корларга тагы быр май шелпек
Жауап беру
Ш
Шарбану 30.04.2025
Сол страховкадан ауыр дертке шалдыккан балаларга жумсалса жаксы гой, биреудын калтасын толтырып жургендеймиз. Ватсап чаттарда, кайырымдылык корлармен тиын жинап журеди.
Жауап беру
Ш
Шарбану 30.04.2025
2017 жылдан бери осы страховкага толеп отырмыз жолдасыма. Содан кыста 2 ай толенбей калды, создин швны керек, каражаттын рети болмады. Сонымен жолдасым ауырып, больницага коринуге барып еди, страховка толенбеген деп кабылдамай койды... Сонда неше жыл бойы толенген каражатымыз кайда кетти? Платныйга барып коринди. Страховканы мулде алып тастау керек деп ойлаймын.
Жауап беру
G
Gulshat Muradova 30.04.2025
Айтыңызшы осы сақтандыру барлық емшара түріне жүреді ма мысалы КТ, МРТ жасататын боосаңыз ақылы иммунный, витаминный, аллергенный, горманальный анализ тапсырсаң ақылы кейде осы сақтандыруды бір жылда бір ретте пайдаланбайтын уақыттар болады ауырып барсаң саған дәрігердің қарауға уақыты жоқ екі көзі компютерде сосын өзің қазақшаға салып емделіп аласың осы пайдаланылмаған жылдық қаражат қайда оның есебін кім береді оны сен жыл бойы бізден қызмет алған жоқсыз деп қайтарып беріп жатқан ешкім жоқ күрбелі ауырсаң сіра хирург тіпті анестозтлогта ақылы ал бұлай пайыздарды көтере береді тек бір сөзбен айтқанда таза корупция тонау
Жауап беру
З
Зульфия 30.04.2025
Мәмсті төлей алмай қарызда жүрмін,ай сайын көбейеді.Не ауруханаға бармайм бірақ әйтеуір МӘМСКЕ қарызбын ????100 мыңның үсті болды.
Жауап беру
М
Майнұр 30.04.2025
Баласының денсаулығына байланысты үйде отырған аналарға және толық емес отбасыларына да жеңілдіктер қарастырылсын
Жауап беру
А
Акмейр 30.04.2025
Ештенеге жарамайды. Жакында операция жасаттым Барлығын платный өттім
Жауап беру
А
Айдана 30.04.2025
Қаралмасақта өтіп кеткен жылға төлеу керекпізба қаралу ушін.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл