Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алаяқтардың құрбаны болған ақтөбеліктер онлайн-несие беруді тоқтатуды сұрайды
Жаңалықтар

Алаяқтардың құрбаны болған ақтөбеліктер онлайн-несие беруді тоқтатуды сұрайды

22.12.2021
1 мин
3
887

Ақтөбелік бір топ тұрғын үкіметтен онлайн-несие беруді тоқтатуды сұрайды.

Өйткені, олардың  атынан  белгісіз біреулер несие рәсімдеп, тақырға отырғызған.  

Алаяқтың арбауына түсіп, банкке  қыруар қарыз боп қалғандар  не істерін білмей қиналып жүр, деп жазды "Астана" арнасы.

Тығырыққа тірелгендердің біреуі  жалғыз баспанасын сатып жіберсе, кейбіреулері ай сайын алмаған несиені төлеуге мәжбүр болып отыр.

Алаяқтардың құрбаны болған Болат Дәулекенов  өзі секілді алданғандарды  ватсап-топқа жинаған. Айтуынша, бұл топта қазір отызға жуық адам бар.

Алаяқтардың онлайн-несиені рәсімдеу әрекеті бірдей. Олардың барлығына кешке, адам жұмыстан шаршаған кезде телефон соққан. Өздерін банктің менеджерімін деп таныстырып, "біреу сіздің атыңызға онлайн-несие рәсімдеп жатыр, біз бұны тоқтатамыз" деп алдаған.   

"Онлайн-несиені блоктау үшін, өтініш қалдырыңыз деді де, мені банктің қауіпсіздік қызметімен байланыстырды. Ол кісі онлайн-несиеге өтініш беріңіз деді. Қайта қаржыландырамыз және тағы 980 мың теңге несие мақұлдаймыз деді.  Мақұлдаған соң, шоттағы ақшаны Халық банктегі арнайы дайындалған депозит ұяшықтарына аударыңыз деп айтты. Қарсыласып едім, келесіде банктен несие ала алмайтын боласыз деп қорқытты. Амал жоқтан, келістім", - дейді Болат Дәулекенов.

Сөйтіп, айналдырған 2-3 сағатта алаяқтар бұл кісінің атына 3 миллион 730 мың теңге несие рәсімдеген. Тағы бір тұрғын Гүлшат Айтқазиева да алаяқтардың құрбанына айналғанын айтты.

Ешкімді естімей, тыңдамай, тек телефонның ар жағындағы адамның бұйрығын орындай отырып,  9 миллион теңгеге жуық онлайн-несие алғанымды үш күннен соң ғана түсіндім дейді ол.  

" 8 миллион 800 мың теңге менде, бәрін біреуге аударыппын, плюс 2-қараша күні түскен жалақым да жоқ. Бір апта бұрын пәтерімді саттым, күйеуімді әрең көндірдім. Форте, Альфа, Хоумбанктегі кредиттерді жаптым. Жұрттан қайыр сұрап кеттім. Форте банк айтты ғой, ең ірі кредит 3,5 миллион аударылған Сатышев деген Шымкенттен табылып тұр дейді. Бірақ әрмен қарай, құқық қорғаушылардың жұмысы", - дейді Гүлшат Айтқазиева.

Ақтөбе облыстық  полиция  департаментінде қазір онлайн-алаяқтарға алданған 74 адамның арызы қаралып жатыр.  13 іс сотқа жіберілген.

"Тағы 13 іс елдің басқа облыстарына біріктіру үшін жолданды, себебі басқа облыстарда айыпкерлер ұсталып, қамалып, сонда жауапкершілікке тартылып жатқандықтан, басқа облыстарға жіберілді", - дейді облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы басшысының орынбасары Нұрболат Сұлтанов.

Банк өкілдерінің айтуынша, алданған тұрғындардың ісі жеке қаралады. Алаяқтың арбауына түскен клиент міндетті түрде банк бөлімшесіне барып, өтініш жазуы керек.

"Кез-келген банктің клиенті болса да, жеке бас ақпаратты ешкімге айтуға болмайды. Банктен ешқашан қоңырау шалып, банктің қызметкері клиенттің жеке ақпаратын ешқашан сұрамайды, егер сұраса бұл нақты алаяқтармен сөйлесіп тұрғанын түсінсін",- дейді банк баспасөз қызметінің өкілі Досбол Арыстанбек.

Полиция алаяқтарды анықтағанша, зардап шеккендер саны көбейеді деп алаңдаған тұрғындар елімізде онлайн-несиені тоқтатуды талап етіп отыр.

"Банкте отырған құзырлы органдардан, министрлерден сұраймын. Онлайн-кредитті тоқтатсын. Бұл тек Қазақстанның қарапайым халқын қанау. Бәрі онлайнға кіріп отырса, адамды өлімге итеретін жағдай ғой", - дейді Ақтөбе қаласының өкілі Сара Қожанова.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Р
Роза Ережепова 22.12.2021
Мен де толықтай келісемін, маған да қайта-қайта телефонмен хабарласып Сіздің атыңыздан онлайн кредит рәсімдеп жатыр тез қорғау бағдарламасын орнатыңыздеп удаленный доступ қой дегенде ғана түсіндіп алаяқтар екенің , одан кей
Жауап беру
Р
Роза Ережепова 22.12.2021
одан кейін де 3 рет хабарласып, сотқа арызданам дегесін ғана тоқтатты
Жауап беру
А
Ақмарал 22.12.2021
Мен де толықтай келісемін.Онлайн несие беруді дұрыс емес деп білемін.Банк қызметкерлері клиенттің данныйын үшінші адамға бермеу керек.Әрине бұл менің өз ойым.Сонда алаяқтық аздап болса да азаяр еді.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл