Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда ғалым әйелдерге арналған марапат тағайындалды
Жаңалықтар

Қазақстанда ғалым әйелдерге арналған марапат тағайындалды

07.03.2024
1 мин
0
9463
Фото: ҚР ҰҒА баспасөз қызметі

Ұлттық ғылым академиясы алғаш рет ғалым әйелдерге арналған марапат тағайындады. Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел-академигі Найля Базанова атындағы марапат отандық ғылымның одан әрі дамуын ынталандыру мақсатында тағайындалып отыр, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Тұңғыш рет өткен жиынға еліміздің әр өңірінен 70-тен астам жетекші ғалым-әйелдер қатысып, Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев жыл сайын ғылыми жұмыстармен шұғылданатын әйелдердің үлесі тұрақты түрде артып келе жатқанын айтып, аруларды мерекемен құттықтады. 

«Халқымыз «Жұмақ – Ананың ізінде, шуақ – Ананың көзінде» деген. Бүгінгі таңда әйелдердің қоғамдағы алар орны ерекше. Ол жанұяның қамқоршысы ғана емес, ол қоғамның барлық саласының дамуына орасан зор үлес қосып отырған белсенді тұлғасы деп толығымен айтуға болады. Соның ішінде нәзік жандардың ғылым мен білім беру  саласының дамуына қосар үлесі айтарлықтай. Статистикалық деректер бойынша жыл сайын ғылыми жұмыстармен шұғылданатын әйелдердің үлесі тұрақты түрде артуда. Мәселен, егер 2015 жылы олардың үлесі 50 пайыз болса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 54,5 пайызға жетіп отыр. Яғни, осы саладағы жетістіктердің басым көпшілігі  нәзік жандардың еңбегі десек артық айтпаған болар едік», - деді ол.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл