Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Жасыл ипотека» бағдарламасы кімдерге арналады?
Баспанаға бағыт

«Жасыл ипотека» бағдарламасы кімдерге арналады?

24.07.2023
1 мин
10
10210

Биылғы жылдан бастап Отбасы банк қазақстандықтарға «жасыл стандарттар» бойынша салынған, энергия үнемдейтін тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға несие бере бастады. Бағдарламаның негізгі шарттары мен талаптары жайлы Dauletten.kz зерттеу жүргізді.

Жасыл ипотека – бұл «жасыл стандартқа» сәйкес келетін нысаннан тұрғын үй сатып алуға берілетін банк заемы. Яғни нысанның ұлттық ӨМІР, ресейлік Р МЕМСТ, халықаралық BREAM немесе LEED стандарттарына сәйкестік сертификаты болуы керек.

Ипотека талаптары:

Заем мақсаты - ӨМІР/ Р МЕМСТ/ BREAM/ LEED сәйкестік сертификаттары бар, құрылыстың «жасыл стандартына» сәйкес келетін нысаннан жаңа тұрғын үй сатып алу және жөндеу жұмыстарын жүргізу.;

Заем мерзімі – 6 айдан 25 жылға дейін;

Бастапқы жарна – шарттық соманың 20%-нан 50%-на дейін;

Қарыз сомасының 50%-ын жинақтағаннан кейін заем мөлшерлемесін төмендету -жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейін (ЖТСМ жылдық 3,6%-дан бастап);

Заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 12,5% (ЖТСМ 13,3%-дан бастап); 

Заемның ең жоғарғы сомасы  – 35 млн теңгеге дейін. Несие тек жаңа баспана сатып алу үшін ғана беріледі.

«Жасыл ипотека» бойынша бастапқы жарна 20% құрайды. Егер ол бар болса, Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенттері алдын ала заем алуға мүмкіндік алады. Мұндай несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 12,5% (ЖТСМ 13,3% бастап) тең болады, алайда 10 жылдан кейін ол төмендейді.

Осы кезең аралығында қарыз алушының ай сайынғы төлемдерді екі бөліктен тұратын болады. Төлемдердің бірінші бөлігі – несиені өтеуге, ал екіншісі – депозитті толықтыруға аударылып отырады. Депозитке жинақталып жатқан алғашқы жарна 20%-дан 50%-ға дейін жеткенде, Отбасы банкінің клиенті тұрғын үй заемына ауысады. Бұл салымда жинақталған қаражат ипотеканы өтеуге жұмсалып, несие бойынша пайыздық мөлшерлеме бағалау көрсеткішке байланысты 3,5%-дан 5% (ЖТСМ 3,6%-дан бастап) аралығында төмендейді деген сөз.

Отбасы банк клиенттеріне алғашқылардың бірі болып «Best building» ЖШС өзінің «Grand Victoria» тұрғын үй кешенін ұсынып отыр. «Жасыл ипотека» сәйкестік стандарттарына сай салынған жаңа үйлерден банк клиенттері таңдауындағы пәтерлерді сатып ала алады. Бұл нысанға «Өмір» - ғимараттарды экологиялық бағалаудың қазақстандық жүйесінің сертификаты берілген.

«Жасыл ипотека» - бұл азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған, жылжымайтын мүлікті сатып алуға арналған заем. Яғни құрылыс барысында құрылыс салушы қауіпсіз және экологиялық таза материалдарды пайдаланады, айналасындағы аумақты ландшафттар мен жасыл желектермен безендіреді, қалдықтарды жою жүйесін ұйымдастырады, суды үнемдейтін технологияларды пайдаланады және энергияны үнемдейтін шешімдерді қолданады деген сөз.

«Жасыл ипотека» бойынша объектілердің тізімін мына сілтемеден қараңыз.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
10 Пікір
А
Айгерим 25.07.2023
Сәлеметсіз бе Дәулет мырза жетім қыздың көп балалы анамын Алматы қаласынан отбасы жағдайына байланысты көшіп келдім үй кезегіне тұра алмай жүрмін ешқандай көмекте ала алмай жүрмін 2жылдан бері үй туралы атпасамда болады
Жауап беру
С
Салтанат 25.07.2023
Салеметсизбе Дәулет мырза көп балалы анамын,уйдің учертинде турмын жумыс жасамаймын калай алуға болады уйді.
Жауап беру
Ш
Шолпан 25.07.2023
Ипотекага кимдер жатады алу үш шин
Жауап беру
А
Айнур 25.07.2023
Атында үйі барларға болады ма?
Жауап беру
А
Айнур 25.07.2023
Кай жерге барсам болады
Жауап беру
Р
Роза 25.07.2023
Вторичныйға ештеме қарастырылмаған тек 50%_50
Жауап беру
Ж
Жанар Еркенова 24.07.2023
Талдықорғанда болама осы бағдарлама
Жауап беру
А
Ашықбай Ләззат Жәлиқызы 24.07.2023
Маған ұнады,сұрағым да бар екі болмелі уйге 20% сонда канша сумма болады?
Жауап беру
24.07.2023
Алатын уйініздің 20пайызы
Жауап беру
А
Айгерим 26.07.2023
Мен көп балалы анамын артымызда уй болса да алабереміз бе
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл