Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда «Youth Nomads» ұлттық спорт фестивалі басталды
Жаңалықтар

Алматыда «Youth Nomads» ұлттық спорт фестивалі басталды

26.07.2025
1 мин
0
111

2025 жылы 6 шілдеде Алматыдағы Кенжехан базарында "Youth Nomads" ұлттық спорт фестивалінің алғашқы іріктеу кезеңі өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және "Евразийский мир и согласия" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асуда.

Фестивальдің мақсаты – NEET санатындағы жастарды ұлттық спорт түрлері арқылы қоғамдық белсенділікке тарту, салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Фестиваль аясында қатысушылар мына спорт түрлері бойынша бақ сынайды:

    •    Асық ату

    •    Қол күрес

    •    Қазақ күресі

    •    Арқан тарту

    •    Ләңгі тебу

Жалпы, жоба Алматы қаласының 20 базарын қамтып, 30 000-ға жуық жасты тартуды көздейді. Әр базарда өтетін іріктеу кезеңдерінде жеңімпаз атанған қатысушылар 2025 жылдың 9 тамызында Рахат базарында өтетін финалға жолдама алады.

"Youth Nomads" – бұл тек спорттық сайыс емес, жастарды ортақ құндылықтар мен ұлттық рух аясында біріктіретін платформа. Ашық алаңда өтетін фестиваль жастардың өз мүмкіндігін көрсетуіне мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл