Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыдағы лай көшкіні: ер адамның денесі табылды
Жаңалықтар

Алматыдағы лай көшкіні: ер адамның денесі табылды

08.02.2024
1 мин
1
2149
Фото: ТЖМ

8 ақпан сағат 02:20-да Алматы қаласы, Медеу ауданындағы Тау-Самал шағынауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай болды. Аталған аумақта лай көшкіні жүріп, 4 адам іздестіріліп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Үйдің ішінде болған төрт адамның екеуі – бала екені мәлім. Құтқарушылар ер адамның денесін тапты. Бұл туралы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір тазарту, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнында құтқарушылар, «Қазселденқорғау» қызметкерлері, Алматы қаласының «109 құтқару қызметі», республикалық жедел-құтқару жасағы және өзге де мамандар істеп жатыр. 200-ге жуық адам, 30 техника жұмылдырылғаны хабарланған болатын.

Топырақтың лайлануы салдарынан болған техногендік сипаттағы лай көшкен жерге қала әкімі Ерболат Досаев келді.

«Негізгі басымдық – іздеу-құтқару жұмыстары. Үйде болған адамдарды іздеу бойынша  жұмылдырылған топтың жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет», деді Ерболат Досаев.

Әкімнің тапсырмасы бойынша оқиғаның себептерін анықтау және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
Е
Ержан 08.02.2024
Бүкіл халықтың алдына шығарып,дарға асу керек ондай қылмыскерлерді,әйтпесе қайталана береді бұндай жағдай.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл