Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Дағдарысқа ұшырамас үшін бағаны көтеруді көздеп отыр
Жаңалықтар

Дағдарысқа ұшырамас үшін бағаны көтеруді көздеп отыр

31.03.2023
2 мин
0
1542

Алматыдағы ірі базарлардың бірінде саудагерлер контейнерлерді жауып, базар директорына барған. Жалдау ақысы өсті деген хабар кәсіпкерлерді дүрліктірді. Олар банкротқа ұшырамас үшін автокөлік бөлшектерінің бағасын көтеруге мәжбүр болады, - деп хабарлайды Dauletten.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ірі базарлардың бірінде көлік бөлшектерін сатушылар 30 наурызда саудасын тоқтатты. Наразы кәсіпкерлер базар директорының атына жеке шағымдарын жеткізген. Жекеменшік иелері алдағы өзгерістерге наразы: 1 сәуірден бастап олар жалға алу ақысын үштен бірге көтереді.

Ирина есімді саудагер бесінші жыл қатарынан бутикті жалға алып келеді, ол көлік жөндеуге арналған құралдарды сатумен айналысады. Әйел сауда аз екенін айтады. Ал қазір иесі жалдау ақысын көтеріп жатыр. Қазір 122 000 теңге болса, 1 сәуірден бастап 180 000-ға жуық ақша төлеуге тура келеді. Жеке саудагерлер банкротқа ұшыраудан қорқады.

Наразы халықтың алдына базар басшысы, Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, мәслихат депутаттығына үміткер Бағдат Манзоров шықты. Директордың айтуынша, жалдау ақысының қымбаттауы – амалсыз шара. Сондықтан, жаңа шарттарға көңілі толмайтындар орындарын босата алады.

Ұзақ келіссөздерден кейін базар директоры 1 сәуірден бастап бір шаршы метрді жалға беру ақысын бес емес, 4 мың теңгеге көтеруді ұйғарды. Бірақ саудагерлер бұған да қанағаттанбайды. Бұған жауап ретінде кәсіпкерлер келесі айда көлік бөлшектерінің бағасын көтеруді көздеп отыр.

фото: КТК телеарнасы

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл