Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Баспанаға бағыт

"Ақмола жастары" бағдарламасы іске қосылады

17.01.2023
1 мин
3
2838

Мемлекет басшысының халықтың тұрғын үй мәселелерін шешу жөніндегі тапсырмасы аясында Ақмола облысында облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен "Отбасы банк" АҚ өкілдерімен кеңес өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Inbusiness.kz-ке сілтеме беріп.

Жиын барысында өңір басшысы жастарға арналған тұрғын үй жобасы қажет екенін айтты. 

"Отбасы Банк" АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Алмат Нұрахметовтың айтуынша, жаңа бағдарламаның мақсаты - 35 жасқа дейінгі жастарды жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету. 

"Бүгін біз "Ақмола жастары" жаңа өңірлік бағдарламасын таныстырамыз, жеңілдікті кредиттеу мөлшерлемесі түпкілікті қарыз алушы үшін жылдық 5 пайыз болады. Ең төменгі бастапқы жарна -10 пайыз. Бұл бағдарламаның бірегейлігі - барлық шарттарды жергілікті атқарушы органдар пысықтайды. Ең ұзақ мерзім - 19 жылға дейін, ең көп несие сомасы -15 млн теңеге дейін", - деп атап өтті "Отбасы банк" АҚ АОФ директоры.

Өңір басшысы жас ақмолалықтар үшін бағдарламаның маңыздылығын атап өтіп, пилот ретінде облыс орталығынан жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске асыруды бастауды тапсырды.

"Алғашқы болып Көкшетау қаласы болады, өйткені жастардың басым бөлігі осында тұрады. Сондай - ақ, жобаға жұмысшы мамандықтарда, денсаулық сақтау және білім беру салаларында жұмыс істейтіндерді қосу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын", - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Облыстағы жастардың үлесі 153 мың адамнан асады, бұл облыс халқының жалпы санының 20% құрайды. Қалада 68 510 жас, ал ауылдық жерлерде 84 872 жас тұрады.

 

Фото: info.homsters.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
3 Пікір
Г
Гули 17.01.2023
Кызылорда га кашан уйсиз журик уш баламен
Жауап беру
А
Агилаш 17.01.2023
Ақтау қала жастарына үй алуға көмек бола ма екен?
Жауап беру
Н
Нуржан 16.01.2023
Көкшетау қаласындағы үйлер өте қымбат
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл