Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Асхат Аймағамбетов: Медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмекке салық жүктемесін азайту қажет
Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов: Медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмекке салық жүктемесін азайту қажет

09.04.2025
1 мин
0
147
Сурет: Dauletten.kz

Мәжілістің жалпы отырысында жаңа Салық кодексі жобасының бірінші оқылымында Мәжіліс депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов денсаулық сақтау саласындағы салық жүктемесінің артуына алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ол әлеуметтік маңызы бар аурулар, соның ішінде онкологиялық және орфандық сырқаттарға қатысты дәрілер мен қызметтерге ҚҚС-ты алып тастау шешімін құптай отырып, басқа да медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмек бағасының өсіп кету қаупіне назар аударды.  

– Бізде басқа секторларда ҚҚС 12%-дан 16%-ға көтеріліп жатса, мұнда бірден 10% ҚҚС және 10% корпоративтік табыс салығы қосылып, 20% салықтық жүктеме болып отыр. Бұл медициналық қызметтердің қымбаттауына әкелуі мүмкін. Сондықтан басқа ауруларға арналған дәрілерге ҚҚС-ты 10%-дан 5%-ға, ал ақылы медициналық қызметтерге 10%-дан 5%-ға дейін кезең-кезеңмен төмендету мүмкіндігін қарастыру мүмкіндігі бар ма, – деді Асхат Аймағамбетов.  

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл ұсынысқа жауап бере отырып, тек ақылы медициналық қызметтерге ҚҚС салынатынын түсіндірді.  

– Мемлекеттік және жеке клиникалар арасындағы бәсекелестік тең болу үшін, тек ақылы медициналық қызметтерге ғана ҚҚС салынады. Ал әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша қызметтер МӘМС аясында болғандықтан, оларға салық салынбайды, – деді ол.  

Сондай-ақ министр дәрі-дәрмектердің 85%-ы шетелден келетінін айтып, бағаның бірнеше есе өскенін жеткізді.  Осылайша, импорттық дәрі-дәрмектерге қатысты әлеуметтік маңызы бар тізім жасалып, сол бойынша салық жеңілдіктері қарастырылады. Қалғанына 10% көлемінде салық салынбақ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл