Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада жалға берілетін баспанаға құжат қабылдау басталады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Биыл 27 ақпанда елордалық «Тұрғын үй орталығы» «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ арқылы елордада сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдауды бастайды, - деп жазылған хабарламада.
Атаулы бағдарламаға кез кезген санаттағы тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандық қатыса алады.
Тек төмендегі салаларда қызмет етуі керек:
Жалға берілетін пәтер саны: 50. Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй. 1 шаршы метрді жалға алу құны – 1 455 теңге. Жалға алудың ең ұзақ мерзімі – сатып алу құқығымен 20 жылға дейін.
Тұрғын үй жалға алу мерзімі өткеннен кейін жалға алушының меншігіне өтеді. Табыс жеткіліксіз болған жағдайда кепілгерлерді тарту мүмкіндігі бар.
Құжаттарды қабылдау 27 ақпаннан 3 наурызға дейін сағат 10:00-23:59-ға дейін. Өтінімдерді қабылдау электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталында жүргізіледі.
Құжаттар тізімі:
Егер сіз өтініш бергенде, мысалы, екі бөлмелі пәтерді таңдасаңыз және таңдау нәтижесі бойынша оған сәйкес келмесе, сіз пәтердің басқа түрін таңдай алмайсыз және қайта өтініш бере алмайсыз, - деп жазылған хабарламада.
Бағдарлама 2 кезеңде жүзеге асады:
Өтінімді қарау нәтижесі кейін zhilfond.kz және Астана қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы сайтында, сондай-ақ Тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Фото: Tengrinews.kz