| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Астанада 11 мамырда өрт шықты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Europe City тұрғын үй кешенінің бір блогы өртенген.
«11 мамыр күні сағат 15:01-де Ақмешіт-Сығанақ көшелерінің қиылысындағы жаңа ғимараттан қара түтіннің көрінгені туралы келіп түскен хабарлама бойынша өрт сөндіру бөлімшелері оғиға орнына барды», - деп хабарлады қалалық ТЖД.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жаңадан салынған тұрғын үй кешенінің аумағында битум мен сыртқы жабын өртеніп жатыр.
Өрт 15:17-де оқшауланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
фото: zakon.kz