Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Айбоз» ұлттық әдеби байқауы әр жеңімпазға 5 млн теңгеден береді
Жаңалықтар

«Айбоз» ұлттық әдеби байқауы әр жеңімпазға 5 млн теңгеден береді

05.07.2023
1 мин
0
860

Жуырда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына бүгінгі күнге дейін 39 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Байқауға қатысуға ниет білдірушілерден «Үздік проза» номинациясына – 15 шығарма, «Үздік драма» бойынша – 1 өтінім, «Үздік поэзия» - 14, «Үздік әдеби сын» аталымы бойынша – 1 өтінім, «Үздік әдеби аударма» - 2, «Үздік балалар әдебиеті» - 4, «Үздік комикс» - 2 өтінім келіп түскен.

Айта кетсек, әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге құрайды. Сондай-ақ, әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.

«Айбоз» – отандық қаламгерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету және ынталандыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын ұлттық әдеби сыйлық. Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған шығармалар ғана қабылданады. Бұл қазақ әдебиетінің қоры 7 номинация бойынша жүздеген жаңа туындымен толығады деген сөз. Сондай-ақ қаламгерлер арасында бәсеке пайда болып, соның нәтижесінде оқырманға өзекті, қызықты әрі заманауи шығармалар жол тартады»,-деді ҚР МСМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет.

Еске салсақ, үміткерлер өтінімдерін 2023 жылғы 1 мамыр – 1 қыркүйек аралығында www.aiboz.kz сайты арқылы жіберу қажет. Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады. Байқауға отандық қаламгерлер қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл