Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл ауыл мектептеріне жаңа автобустар беріледі
Жаңалықтар

Биыл ауыл мектептеріне жаңа автобустар беріледі

17.05.2022
1 мин
0
1026

Балалар жылы аясында еліміздің ауыл мектептерінің автобус паркі 515 автобуспен жаңартылады. Бұл балаларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әсіресе мектептері жоқ шалғайдағы халқы аз ауылдарда тұратын балалар автобуспен қамтылады.

Білім министрлігі балаларды автобуспен қамтамасыз етуді қаржыландыру әкімдіктерге бөлінетінін атап өтті.

Биыл өңірлер мектептерін балаларды тасымалдауға арналған жаңа көліктермен қамтамасыз ету мәселесі республикалық деңгейде шешіліп, жаңа автобустар алуға қаржы бөлініп жатыр. Сондай-ақ білім беру ұйымдарын автобустармен одан әрі жабдықтау үшін Жол картасы әзірленді. Бүгінгі таңда 25 мыңнан астам оқушы көлікке мұқтаж. Сондай-ақ мектеп автобустарына жоғары қажеттілік Түркістан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Алматы, Павлодар және басқа да облыстарда байқалады. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.

Министрлік таратқан мәлімет бойынша, қазіргі күні барлығы 1 000-нан астам мектеп автобусы қатынайды. Қаржылық лизинг бағдарламасы бойынша жеңілдетілген шарттармен елімізде құрастырылған жаңа автобустар сатып алынады. Бұл тетік ел мектептерінің барлық автобус паркін кезең-кезеңімен жаңартуға мүмкіндік береді.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, балаларды тасымалдауда барынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сатып алынатын көліктерге қойылатын техникалық талаптар әзірленіп, белгіленген.

Бұл 20-40 жергілікті автобус болуы керек, себебі ауылдарда көбіне жол жоқ. Онымен қоса, көліктер қауіпсіздік белдіктері бар балалар орындықтарымен, салонда балаларды қалдыруды болдырмайтын жүйемен, кабинаның артқы жағындағы авариялық шығумен жабдықталуы керек. Дулат Жекебаев

Сонымен қатар балаларды мектеп автобусымен тасымалдау кезінде мектеп директорының бұйрығымен бекітілген арнайы қызметкер алып жүруі қажет.

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15298 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл