Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бизнес дамуының кілті, оның коммерциядан айырмашылығы және сұранысқа ие мамандықтар
Қаржылық сауат

Бизнес дамуының кілті, оның коммерциядан айырмашылығы және сұранысқа ие мамандықтар

30.01.2021
1 мин
74
19799

«Болашақ» бағдарламасы бойынша Германияның Штутгарт қаласында білім алған экономика ғылымдарының докторы Айтуған Мұқашев арнайы Dauletten.kz оқырманы үшін коммерция мен бизнес ұғымдарының аражігін ажыратып берді. Сондай-ақ бизнестің дамуы қандай алғышарттарға байланысты екенін және мамандыққа байланып қалмаудың маңызын айтып, елімізде сұранысқа ие бірқатар мамандықтарды атап өтті.  

«Коммерция – алып-сатумен ғана баю»

Ең үлкен мәселе – экономикалық біліміміздің жоқтығы. Экономикалық білім алғандардың өзі экономика өз ішінде қалай бөлінетінін, оны қалай талдау керегін білмейді. Мысалы, коммерция дегеніміз не? Біз 90 жылы социалистік мемлекет едік. Социалистік мемлекетте жоспарлы экономика деген нәрсе болды. Жоспар бойынша біз шет елдермен жұмыс істеген жоқпыз, Совет үкіметі ішінде 16 мемлекет болса, тек бір-бірімізбен ғана жұмыс істедік. Мысалы, темір Қазақстаннан шығады, Ресейде балқытылады, басқа мемлекетте жасалады. Яғни Совет үкіметі бөлінген кезде бізде мақта-мата комбинаты болды, бірақ мақта болған жоқ. Ал Өзбекстанда мақта бар, бірақ мақта-мата комбинаты жоқ. Бұл жүйе мемлекеттердің бір-біріне тәуелді болуы үшін әдейі солай жасалған. Мемлекет тәуелсіздік алғанымен, экономикада тәуелсіз болмай қалды. Осы кезде бізде ешқандай өнім жоқ болғандықтан, шетелден, сырттан өнім әкелу пайда болды. Осылай коммерция туындады. Мысалы, Қытайдан 5 теңгеден Алматыға әкелінген затты ауылға апарып 20 теңгеден сатты деген секілді. Яғни сауда-саттық ол – тек коммерция. Біреулер осының арқасында байи бастаса, біреулер халықтың ақшасына өндірістер сатып алып, соның иесі болып қалды. Кейіннен сол өндірістерді сатып, байып, «бизнесмен» болды. Бірақ олар бизнесмен болып не жасады? Машина тұрмақ, ине де жасаған жоқ. Тон тіккенді қойып, шұлық та шығарған жоқ. Олар арзанға алып, қымбатқа сатты. Оларды мен бизнесмен деп айта алмаймын. Олар негізінен алып-сатарлар. Бұл жерде коммерция дегеніміз – алып-сатумен ғана бай болу.

«Ғылымы болмаған бизнес алға жылжымайды»

Мысалы, сізде қой болса, оның жүнін іске асырып, одан бірнәрсе жасап, халықты қамтамасыз етіп, оны ары қарай шетелге шығарсаңыз, ол – бизнес. Бизнес деген – өзіңізді ғана емес, сол бизнеске қатысты адамдардың барлығын байыту, ел экономикасын көтеру. Нәтижесінде, ел байығаннан кейін біз сырттан зат алмаймыз, керісінше сыртқа зат шығарамыз. Шетелден бізге доллар құйылғаннан кейін оның бағасы түседі, ел экономикасы көтеріледі.

Ал біз қазір барлық нәрсені сырттан сатып аламыз, тіпті тамағымыздың өзін. Ауыл шаруашылығын алайық. Ауылда тұратын адамдар бар, осыдан 30 жыл бұрын 10 сиыр ұстаса, әлі күнге дейін сол 10 сиырын ұстап отыр. Неге олар оны дамытуға, реттеуге көңіл бөлген жоқ. Ал көңіл бөлу деген не? Ол – ғылымды дамыту. Мысалы, сүт бермейтін сиырдан гөрі сүтті көбірек  беретін сиыр асыраған жақсырақ. Тағы бір мысал, ауылда қолда бар материалмен стандартты қора салады. Бірақ негізінен қой тұратын шаршы метр, сиыр тұруы керек шаршы метр және жылқы қорасының шаршы метрі әртүрлі, арнайы есептелген болуы керек. Егер қойдың тұратын жеріне сиырды қамап қойсаңыз, ол қойға жайлы, сиырға жайсыз болуы мүмкін. Ал шетелде неге сиырды шаршы метрі есептелген қораға қояды, себебі оның бәрі ғылыммен ойластырылған. Мысалы, сиырға 9 шаршы метр, қойға 3 шаршы метр деген секілді. Сол сияқты қойдың да, сиырдың да, жылқының да жейтін өз шөбі бар. Ал біз барлығына бірдей жем-шөп береміз. Сондықтан олардан ешқандай нәтиже ала алмаймыз. Егер осы стандарттарды сақтап, ғылымға жүгінетін болсақ, біздің сиырлар да көп сүт береді. Сиырды сүт жасайтын станок деп ойлайықшы. Оған берген тамақты сиыр сүтке айналдырып береді. Егер ол күніне 90 келі тамақ ішетін болса, 30 келі сүт береді. Ал біздің сиырлар күніне 90 келі тамақ ішіп отыр ма? Олардың физиономиясы келмейді, себебі генетикасы жасалмаған. Олар 30-ақ келі тамақ ішеді, ал бізге беретіні 10-ақ келі сүт. Яғни біздің сиырлар көп мөлшерде сүт беруі үшін сонша мөлшерде тамақ ішуі керек. Оны ғылым арқылы, генді көтеру арқылы жасайды.

Бизнестің дамуы міндетті түрде ғылым арқылы жүзеге асады. Ал ғылымы болмаған бизнес ешқашан алға жылжымайды. Өйткені ғылым болашақта, мысалы осыдан 10 жылдан соң сатылымда не пайда болатынын болжай алады. Мысалы, қазір елдің бәрі телефонға қарап отыр. Осыған байланысты, бес жылдан соң мойынның қисаю мен көздің көрмеуі деген мәселелер жиі кездеседі деп айта аламын. Егер сіз көз дәрігерінің не мойын омыртқасы қисаюының оқуын оқып, клиника ашсаңыз, сұраныста болатыныңыз анық. Осыдан 10 жыл бұрын бізде стоматология болатын ба еді? Қазір әр аттаған жерде стоматология тұр, көз дәрігері отыр. Неге 20-30 жыл бұрын болмады? Себебі теледидар, компьютерге деген тәуелділік болған жоқ. Технология жаңарған сайын аурулардың түрі де жаңарады. Медицинаның ішінде мамандықтардың ашылуы да осы технологияның дамуына байланысты. Сонымен, бизнес ең алдымен бір жаңалық ашуы керек, екіншіден, бұл жаңалық ғылымға ұласуы қажет. Сонымен қатар, бизнес ұзақмерзімді болады. Мысалы, бүгін велосипед жасасаңыз, соны биіктетіп арба, одан машина жасап ары қарай дамыта бересіз. Ол ғұмырлы болады. Ал сіз биыл ресторан ашып, келесі жылы ол ресторан жабылып қалса, ол бизнес емес.

«Шаштараз ашу жаңалық емес»

Халыққа қызмет көрсету саласында мейрамхана, шаштараз ашу жаңалық емес. Мысалы, қазақтың ұлттық ресторандары ашылып, басқа мемлекеттерге  KFC сияқты франшизаларды сатып отырса, мен оны мойындаймын. Ол – бизнес. Өйткені сырттан Қазақстанға ақша кіріп жатыр. Ал өз ішіміздегі бір- бірімізді қайталап отырған халыққа қызмет көрсету орындары бизнес емес, сол орындарды салып отырған адамның күнделікті табысы. Мысалы, мейрамханасына қажет етті басқа біреуден сатып алып отырса, ешқандай ғылымға жүгінбесе, ол – коммерция. Халыққа қызмет көрсету саласы бизнес емес, алып-сату. Әрине, бизнес арқылы да, коммерция мен қызмет көрсету арқылы да табыс табуға болады. Бірақ бизнестің ерекшелігі мемлекетке кіріс кіргізеді, ғылымның дамуына бағыт-бағдар береді, мемлекет экономикасын көтереді.

«Қазақстанда барлық мамандық сұранысқа ие»

Адам бизнес жасау үшін жаттанды нәрселерді істемей, болашақта болатын нәрселерге болжам жасай алуы керек. Мысалы, телефон көзге зиян болса, сіз көзге зиян тигізбейтін пленка ойлап табыңыз. Қазір ондай мамандық жоқ, бірақ болашақта сұранысқа ие болады. Адам ізденсе, барлық нәрседен бизнес жасай алады. Мысалы, сынып қалатын шыны қолданамыз. Оның орнына сынбайтын шыны түрін ойлап табуға болады. Ойлап табу және оны патенттеу – үлкен бизнес. Жаңалық жоқ деуге болмайды, себебі қоршаған ортаның бәрі жаңалық. Мысалы, бізде бұрын тіс шұқитын болды ма? Болған жоқ. Оны біреу ойлап тапты. Ал қазір ол миллионер немесе миллиардер. Сондықтан мамандыққа байланып қалудың қажеті жоқ.

Мамандық қайдан шығады? Мемлекет, министрлік белгілі бір мамандықтарды бекітіп береді. Сол мамандардың бәрін оқытып шығарады. Бірақ олар жұмыссыз. Жұмысқа тұрдық деп өтірік анықтама әкеледі. Онда осы жылы 10 адам оқытсақ, келесі жылы 15 адамды оқуға алуымыз керек деп өз-өзімізді алдап, өзіміздің өтірігімізге өзіміз сеніп отырмыз. Бірақ мамандықтар жаңарып кетті. Біздің ток тартатын электриктеріміздің өздері баяғыдағы столбтан, алюминийден ток тартатын деңгейде қалып қойған. Бүгінде оның бәрі өзгеріп кетті. Қазір сұраныста телефон мен компьютер электроникасы. Өйткені бұрынғыдай 380 вольт ток өткізіп керек емес, қазір 12-ақ вольтпен ток беруге болады. Қазір сол кішірейтілген токпен жұмыс істейтін мамандар жоқ. Өйткені оларға мамандық ашылған жоқ, баяғыда-ақ ашылуы керек еді. Электрониканы бітіргендер телефон емес, телевизорды жөндей алмай жүр. Неге соған жастарды, балаларымызды мамандандырмаймыз, қызықтырмаймыз?

Қазақстанда барлық мамандық сұранысқа ие. Мысалы, құрылыста кірпіш қалайтын, құрылыс дизайнын жасайтын білікті мамандар бар ма?! Қандай картоп, бидай егу керегін білетін агроном, топырақтану маманы да жоқ. Мамандықтар бар, бірақ сапалы кадрлар шығып жатқан жоқ. Топырақтанушы болғымыз келмейді. Алайда мықты топырақтанушы болсаң, елдің бәріне жеріне не салу керегін айтып бере аласың.

Техника, технология дамуына байланысты мамандықтар да дамиды. Кей мамандықтар жойылады. Сол өзгерістерді болжай алу керек. Мысалы, дистанционды қызмет көрсету дамып жатыр, өз өніміңізді тұтынушының үйіне жеткізіп бересіз. Бет күтімі, шаш түсуіне байланысты мамандар қажет. Қызмет көрсету де мамандық. Бастысы, мектепте оқыған кезде балаға жаттанды емес, дұрыс бағыт-бағдар беру керек.

Сұхбаттасқан: Жансая ҚАМБАР

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
74 Пікір
M
Marguerita 19.03.2022
Сиз бизнесиңизди ачууга же ар кандай долбоорлоруңузду ишке ашырууга же квартира сатып алууга насыя издеп жатасызбы, бирок тилекке каршы, банк сизден мен үчүн тынчсызданбай койбой турган шарттарды сурап жатат, мен жеке адаммын жана мен кредиттерди берем. 1000 € дан 1500 000 € га чейин башка жерде аларды сыйлай алган бардык адамдарга, пайыздык чен жылына 3% ды түзөт. же башка себеп менен акча керек; ошондуктан көбүрөөк маалымат алуу үчүн мени менен байланышуудан тартынба. Тармак: накталай насыя акысыз накталай насыя жарнама сайтын сунуштайт, атап айтканда, окуу үчүн атайын насыя сунушун каттоо үчүн олуттуу жеке насыя олуттуу адамдар француздар акча жасоо насыялары адамдар ортосунда накталай насыя жарнамалары жеке адамдардын ортосундагы накталай кредиттик жарнама сайттары накталай кредиттик жарнама сайттары акысыз чакан жарнамалар жеке адамдардын ортосундагы насыя сунуштары **** жеке адамдар ортосунда накталай кредит издөө жеке адамдардын ортосунда кредиттик сунуштар сайттары жеке кредиттик сунуштар Париж жаң
Жауап беру
Д
Дулат 10.03.2022
Оте керемет
Жауап беру
М
Махаббат 06.08.2021
Мен оқыған адам болсамда оқып отырып көп нәрсені енді біліп отырмын. Шынымен де біз жаттанды шеңбердің ішінен шыға алмай қалғанбыз. Балдарды мектеп кездке көзін ашу керек деп ойлаймын. Балалар мектеп бітіргесін не містейтінін, қандвй оқуға түсетінін де өздері ойлай алмайды. Соңында әке шешесі таңдап берген оқуға түседі де чәл уақыттан кейін ол бала оған қызығушылығы болмағасын оқымайды. Ақыр соңында дипломын ақшаға сатып алып білімсіз маман иесі болып шығады.
Жауап беру
А
Аидана 29.07.2021
Бизнес бастау ушн канша каржы керек
Жауап беру
Г
Габит 11.11.2021
Менің бастығым айтатын ақша мен кез келген ақымақ бизнес бастап кетеді, СЕН АҚШАСЫЗ БІЗНЕС ОЙЛАП ТАП ДЕП.
Жауап беру
Л
Ләззат 28.07.2021
Керемет . Жастар осы бағытта қозғалыс жасау керек . Дым болмағанда мини өндіріс орындарын ашса .
Жауап беру
К
Кулия 28.07.2021
Пайдалы ақпарат алдым...Рахмет!
Жауап беру
Г
Гауһар 28.07.2021
Кезінде атаанамыздың бізді оқытуға қауқары болмады. Нені оқы дейді соны оқыдық. Былайынша ақымақ болдық. Жағдай солай болды. Енді балаларыма айтам біз жете алмағанға сен ұмтыл, жет ең бастысы адам бол сосын адамгершілікті ұмытпа. Біз шықпаған биікке сендер шығыңдар деп отыратын болдым. Маған осы нәрсені айтатын адам болмапты.
Жауап беру
Д
Динара 28.07.2021
Мен сызбен толыктай келысемын
Жауап беру
Ы
Ырыс 28.07.2021
Дұрыс барі бірақ алайақтарға әптен алданып болдым
Жауап беру
Н
Нурсулу 28.07.2021
Өте сауатты сұхбат болыпты.
Жауап беру
Г
Гулмира 28.07.2021
Өте керемет айтылған, косыламын
Жауап беру
Т
Турсынай 14.07.2021
Колдаймын бирак коп енбек керек
Жауап беру
Д
Дина 27.05.2021
Өте керемет!міне сауаттылық!білімділік! Патриот!
Жауап беру
И
Индира 01.05.2021
Өте керемет пікір екен
Жауап беру
А
Асемгул 30.04.2021
Қолдаймын Бірақ соған жоғарыдан қолдау керекқой
Жауап беру
А
Асемгул 30.04.2021
Қолдаймын Бірақ соған жоғарыдан қолдау керекқой
Жауап беру
А
Айлат 29.04.2021
Өте орынды айтылған. Көп рақмет
Жауап беру
А
Айнур 28.04.2021
Мектептегі оқушысына қандай бағыт бағдар беру керек осы туралы. Қазір оқушыға айтсаң өзі жасайтын робот, өзі істейтін робот дейді қиялға беріліп, ал бірак әрекет жоқ. Мүмкін осындай қосымша сабак ретінде енгізу керек шығар
Жауап беру
Р
Райман 22.04.2021
Білім жоқ,Жалқаулық,сосын уақыт үнемдеуді білу керек
Жауап беру
А
Азамат 20.04.2021
Бар қателік білім алмауымызда болып тур.
Жауап беру
Ж
Жанагуль 19.04.2021
Өте керемет
Жауап беру
Б
Бердібек 19.04.2021
Өте орынды
Жауап беру
Б
Бердібек 19.04.2021
Өте орынды
Жауап беру
Р
Раушан 18.04.2021
Дұрыс
Жауап беру
Г
Гулдариға 18.04.2021
Өте дұрыс
Жауап беру
А
Алтын 18.04.2021
Айтуған мырза сіз неге өзгеріс енгізбейсіз??? Не кедергі. ?
Жауап беру
С
Сәуле 19.04.2021
Молданың жасағанын жасама, айтқанын жаса деген
Жауап беру
А
Алтын 18.04.2021
Неге соның бәрін енгіздірмеске???
Жауап беру
А
Айман 18.04.2021
Малдың жемін дұрыс беру туралы ақпарат беріңізші
Жауап беру
Ж
Жаке 17.04.2021
Керемет тұжырым
Жауап беру
Ж
Жазира 17.04.2021
Керееемееет. Нағыз білімді адам. Осындай жастарымыз көп болсын. Ғылымға негізделіп жасалған жұмыс міндетті түрде нәтижелі болады.
Жауап беру
Е
Ержан 17.04.2021
Өкінішке орай біздің қабілетіміз жеткен, ойлаған бизнес жоспарларымыз басқа елде ашылып қойған. Біздің мемлекетімізге даму үшін әлі 1, 2 ғасыр керек. Адам түгілі мемлекетіміздің өзі өзгеден қайталайды, өзіміздің заңымызда жоқғой, барлығы Ресейдің көшірмесі
Жауап беру
Д
Дүисенбек 17.04.2021
Өте дұрыс аитылған пікір. Елімізде осындай халқын оилаған азаматтар көбеисе әлбетте бар қиыншылықты жеңіп шығуымызға әбден болады. Бұл мәселені көзі ашық, зиялы адамдар қолға мықтап алса деимін. Тек ең бірінші бұл жерде жемқорлық деген атауымен болмауы тиіс деп оилаймын. Қазіргі уақытта жемқорлық тамырын жайып алған. Сондықиан бұл мәселеге өте үлкен жауапкершілікпен табандылық керек. Елім деп, жұртым деп жанын салған азаматтар табылады деп оилаймын. Мен өз басым ғана емес, бұл мәселені бүкіл қара халық қолдайды деп сенмін. Сондықтан іске сәт деймін.
Жауап беру
Г
Гүлназира 17.04.2021
Өте дұрыс істер қолға алынып отыр екен сіздер. Тұжырымдама жасап,қазақ еліне пайда келтірейін аса маңызды мәселе қозғалысты.Егерде осы істер қолға алынып істер жүргізіп жатса қшпта-құп болары сөзсіз, өзкмізді -өзіміз қолдан келіп жатса қолдар үкімет болса басқаша тірлік тіршілік басталар еді. .
Жауап беру
Ж
Жадыра 17.04.2021
Мен жер алып коконыс осыргым келеды
Жауап беру
Д
Д 17.04.2021
Керемет, Менде өзімнің бизнес болғанын армандаймын
Жауап беру
Ж
Жадыра 17.04.2021
Керемет айтылған қолдан келгенше оқушылар мен жұмыстанудамыз
Жауап беру
Б
Ботагөз 16.04.2021
Мен тігіс тігіп бизнес ашқым келеді
Жауап беру
Ж
Жанар 13.04.2021
Кәзіргі кезде елдің бәрінің ә ңгімесі шашым қатты түседі не істесем болады деп сурайды, өзім шаштаразда жумыс жасаймын не айтарымды білмеймін. Шашты қайта қалың қылып өсіретін оқуы болса барар едім.
Жауап беру
А
Айна 17.04.2021
Мен Армэль компаниясындамын.Осы компанияның шаш түсуін тоқтатанын маслосы бар
Жауап беру
Л
Лаура 16.04.2021
Кореяда бул сала оте катты дамыган, ютубтардан издеп корип керегин алуга болады,негизи жаксы одним колданган дурыс, шашка таза пайдалы шампунь май жагып дегендей, ондай одним бизде США дан келген Эмвей компаниясында бар,кымбат бирак пайдалы,кориниз енди озиниз
Жауап беру
А
Абен 17.04.2021
Нәтижесі анықпа
Жауап беру
D
DAULET 13.03.2021
Өте жақсы дүниелерді қозғапты! Ия мен де келешекте Бизнес ашып пассивті табыс тапқым келеді!!!.
Жауап беру
К
Кім 09.02.2021
Физиономия емес физиология, генетикасы жасалмаған деу дұрыс емес. Орыс тілінен аударылған мақала сиықты. Бұның барлығы белгілі нәрсе. Әр адам бірінші өзінен бастап білім деңгейімізді көтеріп, дамуға болады ғой.
Жауап беру
Р
Разия 05.02.2021
Қарапайым тілмен өте жақсы түсіндірді.Мен жасым келсе де бизнес ашуға құлшынып отырмын .Керемет
Жауап беру
Б
Баян 07.02.2021
Колымнан келгенше комектеским келеди
Жауап беру
М
Маржан 04.02.2021
Бизнес ашсам деймін.Эко сумка тігіп сатам деп ойлаймын.
Жауап беру
М
Макпал 17.04.2021
Кай каладансыз? Экосумка инновациялык Жоба деп ойлаймын! Карагандыда курбым осы жоба аркылы 2-5 млн кайтарымсыз грант утып алып оз исин бастады. Сизге иске сат!
Жауап беру
С
Сара 04.02.2021
Тамаша кеңес! Рақмет
Жауап беру
А
Айнұр 04.02.2021
Келесі жылы балам мектеп бітіреді, сол қандай мамандық ұсынарымызды білмейміз
Жауап беру
Қ
Қазақ 01.02.2021
Жеке адам ғылыммен айналысуы өте қиын. Рас Германияда оңай шығар, бізде база жоқ, институттар жоқ. Бізде қазір есектің артын жусаң да мал тап деген прициппен өмір сүріп отрымыз. IT емес ауылшаруашылығын дамыту керек.
Жауап беру
С
Салтанат 01.02.2021
Керемет!
Жауап беру
Н
Назгул 01.02.2021
Қандай Бизнесті де, мамандықтың да келешекте керек екенін нақты тұжырымдап, түсінікті айтқан. Коммерция мен бизнестің ара жігін айтып нақтылап көрсеткен. Еліміздің экономикасын көтеру үшін осындай мамандар өте қажет. Халықтың көзін ашып, сауаттандыру осындай тұлғалардың қолынан келеді. Болмаса біз отыз жыл дамымай артта қалып келеміз
Жауап беру
Н
Назгул 01.02.2021
Қандвй Бизнесті де, мамандықтың да келешекте керек екенін нақты
Жауап беру
Ш
Шұғыла 31.01.2021
Өте керемет айтылды Құлағымның құрышы қанды, тамаша шіркііін бәрі өз елімізде шығатын болса ғой, керісінше біздің өнімдер сатылса сыртқа Мысалдап тұрып қалай керемет жеткізді Алла разы болсы! ИншаАллаһ Ел аман жұрт тыныш болғай әмсе
Жауап беру
С
Сайраш 01.02.2021
Керемет...
Жауап беру
Ж
Жұлдыз 31.01.2021
Өте дұрыс мен 100% келісемін керемет
Жауап беру
А
Айгерим 31.01.2021
Өте дұрыс қандай бизнес тапсақта Қытайдан аса алмаимызау
Жауап беру
Б
Бауыржан 31.01.2021
Өте дурыс,
Жауап беру
А
Айман 31.01.2021
Өте дурыс айтылган 100%косыламын 10сыныпта окитын улыма окып бердім ойланып калды
Жауап беру
М
Мурат 31.01.2021
Ғылымсыз бәрі бос
Жауап беру
М
Мурат 31.01.2021
Ғылымсыз бәрі бос
Жауап беру
Ш
Шынгыс 31.01.2021
Окыдым не болд
Жауап беру
Ж
Жанар 31.01.2021
Келисемин
Жауап беру
А
Анар 31.01.2021
Дурыс жазылган сөз жок келісемін
Жауап беру
Ш
Шолпан 01.02.2021
Тамаша! Айтылған бизнесмендер көбейсе шіркін! Коммерсанттар өздерін бизнемен деп жүр. Өкінішті. Еліміз өз тауарына өзі қанағаттанбайтын заман
Жауап беру
К
Калжан 30.01.2021
Керемет! Сөз жок келисемин!!!
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл