Brent
WTI
kz
kz ru
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар
Бизнесті қолдау

Бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін 1,2 млн теңге беріледі: оны кімдер алады

07.04.2022
1 мин
7
2002

Алматыда бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталды. Грантқа 29 жасқа дейінгі жастар мен халықтың әлеуметтік әлжуаз тобының өкілдері үміткер бола алады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады

Грант сомасы – 400 АЕК немесе 1 225 200 теңге.

Гранттар кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аясында беріледі.

"Шағын және орта бизнес – қала экономикасында жетекші орынға ие, жұмыс істейтін 10 алматылықтың 6-уы осы салада істейді. Биылдан бастап гранттарды сертификатсыз алуға болады. Өтінімдер сәуір мен қараша аралығында қабылданады, нақты мерзімі мен кезеңдерін қосымша хабарлаймыз", - деп мәлімдеді Алматы қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Зафар Аппазов.

Өтінім 1 сәуірден бастап business.enbek.kz порталы арқылы қабылданып жатыр. Өтінімді қарау мерзімі – 10 жұмыс күні.

Грант алу үшін мыналар қажет:

  • жұмыссыз ретінде тіркелу немесе мерзімі бір жылдан аспайтын жеке кәсіпкерлігі болуы керек;
  • Алматы қаласында тұрақты, уақытша (1 жылдан кем емес) тіркеу қажет;
  • business.enbek.kz порталында тіркелу;
  • бизнес-жоспар.

Гранттарды комиссия шешімі негізінде Халықты жұмыспен қамту орталығы береді. Комиссия мүшелері бизнес-жоспарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:

  • бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі;
  • өткізу нарықтарының пысықталуы;
  • бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі;
  • кәсіпкерлік дағдылар деңгейі;
  • жаңа жұмыс орындарын ашу.
7 Пікір
Г
Гүлмира 08.04.2022
Менім кіридиті жапқым келеді қарызым жоқ создырғамын октемалнй болып қалды жапқым келеді
Жауап беру
М
Махфуза 07.04.2022
Мен ветнажителствамен ала аламынба. Декиретдеги анамын. Нур султан қаласыда 1 жылдан аса турмын.
Жауап беру
М
Махфуза 07.04.2022
Бурунда жумыс жасамағанбын. Қөлымнан перде и койлектер тыгу келед. Астанада сех ашуға мумкиндык барма
Жауап беру
А
Аиса 07.04.2022
Бұл тек қана Алматыда ма??? Басқа жақтағылар ше???
Жауап беру
Қ
Қырмызы 07.04.2022
Барлық қала, аудан, ауылдардан да алуға болады
Жауап беру
Д
Даяна 07.04.2022
Саламатсыздарма декретте откан адам дарга болама?
Жауап беру
Қ
Қырмызы 07.04.2022
Жумыс жасап декретке шықсаңыз ала алмайсыз
Жауап беру
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл