Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін business.enbek.kz порталында қайтарымсыз грантқа өтінім қабылдау басталды. Осы жолы 2 697 кәсіп бастаушыға 1 млн 380 мың грант беру жоспарлануда. Жалпы грант сомасы 400 АЕК-ке тең, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Мемлекеттік грант – жаңа бизнесті бастауға және дамытуға қайтарымсыз берілетін бастапқы капитал. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Грантқа өтінім беру үшін:
· порталда тіркелу;
· грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
· бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
· өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.
Үйде өтінім беруге мүмкіндік болмаған жағдайда халыққа қызмет көрсету орталықтарында беруге болады.
Айта кетейік, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты да сұралады.