Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биыл дәрігерлердің жалақысы 415 мың теңгеге, ал медбикелердікі 208 мың теңгеге дейін өседі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
"Медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, биыл дәрігерлердің еңбекақысын 30%-ке, орта медицина қызметкерлерінің айлығын 20%-ке арттыру көзделген. Бұл тиісінше 415 мың теңгені және 208 мың теңгені құрайды", - деді Ғиният министрліктің алқа отырысында.
Ал 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге дейін, ал медбикелердікі 249 мың теңгеге дейін өседі деп жоспарлануда.
Сондай-ақ министр медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуді көздейтін заң жобасы әзірленгенін атап өтті.
Тағы көру