Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Доллар бағамы төмендеді
Жаңалықтар

Доллар бағамы төмендеді

31.07.2025
мин
0
232
Сурет: Zakon.kz

31 шілдедегі доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 540,78 теңге болып, 5,42 теңгеге төмендеді.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 31 шілдедегі ресми бағамы - бір доллар үшін 546,36 теңге.

kurs.kz деректері бойынша қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 539,77 теңгеге, сату бағамы 542,25 теңгеге тең. Астанада америкалық валютаны орта есеппен 538,39 теңгеден сатып алып, 545,38 теңгеден сатып жатыр.

Айта кетейік, бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы доллар бағамына қатысты болжам жасады.

- Менің және әріптестерімнің болжамы бойынша доллар бағамы кері кетеді. Ол көтерілмейді. Бұған дейін де мұндай жағдайларды талай рет көрдік, бағам тұрақталды. Ұлттық банк бұл үшін бар күшін салады деп ойлаймын, нарық та өз ретімен жұмыс істейді, – деді ол.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл