Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елорда мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 – 530 теңгеден саудаланып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық банктің 22 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 527,58 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,29 теңге. Еуро — 546,15.
Kurs.kz ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылса, сатып алу бағасы — 527 теңге деңгейінде. Ал еуро 541 мен 547 теңге аралығында өзгеріп тұр.
Астана қаласында доллардың сату бағамы — 526 теңге, ал сатып алу құны — 530 теңге. Еуро 543 теңгеге сатылып, 549 теңгеге сатып алынуда.
Қазіргі таңда айырбастау орындарында Ресей рублі 5,15 пен 5,25 теңге аралығында саудалануда.
Айта кетейік, 21 қаңтардағы кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,87 теңгеге төмендеп, 527,07 теңгеге жеткен. Бұған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллардың бағасы 545 теңгеге дейін өсуі мүмкін екенін болжаған еді. Сонымен қатар Ұлттық банк валюта айырбастау ережелеріне жаңа өзгерістер енгізілетінін хабарлады.