Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Екі бірдей баласы аутизм дертіне шалдыққан жалғызбасты ана далада қалды. Ата-анасы ерекше балаларды бағудан бас тартып, үйден қуып шыққан. Күйеуі қайтыс болған әйелді туған сіңлісі де қарызға батырып, алдап кеткен.
Әйгерім Үсенованың жан айқайын экономист-блогер Дәулет Мұқаев (dauletten) жариялады.
"Жетісай басшылығының назарына! Жалғызбасты ана 2 мүмкіндігі шектеулі баласымен далада қалды. Дәл қазіргі уақытта аш отыр.
Әйгерім - 2 мүгедек аутист баланы асырап отырған жалғызбасты ана. Жұбайы қайтыс болған. Жетісайдағы Ата-анасы үйдегі үлесін дау қылып, ерекше балаларды бағудан бас тартып қуып шыққан. Туған сіңілісі 15 мың доллар кредит алғызып Астанадан бутик ашамыз, мемлекеттен субсидия алып берем балаңды емдетем деп алдап кеткен. Мүмкіндігі шектеулі баланы емдетем деп түрік азаматына тұрмысқа шығып Әйгерім Түркияға да барған. Ол жақта дүниеге Рахима есімді қызы дүниеге келген. Ол да Алланың қалауымен аутизм дертіне шалдыққан. Бұны көрген түрік жігіті бірден тастап кете салған", - деп түсіндірді Мұқаев.
Әйгерімнің айтуынша, ерекше баласына деп берілген 10 сотық жерді тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы шетелдіктерге сатып жіберген. "Әбден мазақ қылып бітті" деген келіншек жанайқайын көпшілікке жеткізді.